Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Ақмолада жазғы демалысқа жеңілдік жасалмақ

3 рет көрсетілді

Кәсіподақ мүшелеріне жазғы демалыс орындарында демалу үшін жеңілдік  жасалады. Мәселен алғашқы жиырма шақты адамды қабылдаған «Щучинск» шипажайында бір күн ем алу құны 12500 теңге. Енді бұл сома жеңілдікпен кемінде 7500 теңге болады. 

Ал облыс аумағындағы  балалар сауықтыру орталықтары 15 маусымнан өз жұмысын бастауы мүмкін. Облыстық кәсіподақтар орталығы осы мәселелерді пысықтап, арнайы жиын өткізді. Қазір жұрт жазғы демалысын жоспарлауды бастады. Бірақ биылғы эпидемиологиялық жағдай жазғы сауықтыру орталықтарының жұмысына әсерін тигізбей қоймады.  

– Менің ойымша биыл баға 10-15 процентке өсуі мүмкін. Біз барлық сауықтыру орталықтарын түгендеу кезінде тағы қосымша 5 нысан таптық. Олар Қорғалжын, Сандықтау аудандарындағы оңтайландырылған мектептер. Қазір олардың жұмысын жандандыру мәселесі қарастырылуда, – дейді республикалық балалар мен жасөспірімдер туризмі қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов.

Ал облыстық кәсіподақтар орталығы тарапынан жеңілдіктер қарастырылатындығы айтылды. Өйткені жазғы сауықтыру  орындарымен осы жөнінде алдын ала келісім-шарттар жасалған. Яғни, кәсіподақ мүшесі мен олардың балаларына жолдама құны төмендетілген бағамен беріледі. 

Соңғы жаңалықтар

Атырауда үш гараж отқа оранды

Аймақтар • Бүгін, 16:51

Илья Ильин ауруханаға түсті

Аймақтар • Бүгін, 11:55

Ұқсас жаңалықтар