Спорт • 04 Маусым, 2020

Мауро Икардиды ПСЖ сатып алды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның «Пари Сен Жермен» футбол клубында уақытша «жалдамалы» түрде ойын көрсетіп жүрген италияндық «Интер» клубының шабуылшысы Мауро Икардиды француздық клуб ресми түрде сатып алды.

Мауро Икардиды ПСЖ сатып алды

Сөйтіп, 1993 жылы туған аргентиналық аяқ доп шебері жаңа клубпен 2024 жылға дейін шарт жасасты. Француздар сатылым құны 50 мил евро «Интердің» шотына аударды.

Мауро Икарди осы маусымда «Пари Сен Жермен» клуб сапында 31 дүркін алаңға шығып, 20 голдың авторы атанып үлгерді. Сонымен қатар, аталмыш клубтың  лига чемпионы болуына айтарлықтай үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше