Спорт • 04 Маусым, 2020

Әлемдегі ең бай 10 спортшы

2416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Forbes журналы 2020 жылы әлем бойынша ең көп табыс тапқан ер азамат спортшылардың аты-жөнін жариялады. Бұл тізімнің басында әдеттегідей 106,3 миллион доллар пайда тапқан Швейцарияның атақты теннисшісі Рожер Федерер тұр.

Әлемдегі ең бай 10 спортшы

Бұл жігіт таза табысының 6,3 млн долларын сыйақы арқылы толтырса, қалған 100 млн доллары әртүрлі жарнамадан түскен екен.

Осындағы дәулетті спортшылар тізімінің келесі сатысында: атақты аяқ допшылар португалдық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси екінші-үшінші орынға иелік етіпті.

Әлемдегі ең бай 10 спортшының құрамына кірген жігіттердің 3-еуі футболшы, 3-еуі баскетболшы, 2-еуі америка  футболының өкілі болса, қалған екі адамның бірі – үлкен теннисші де, екіншісі  - гольф шебері екен. Олар:

  1. Рожер Федерер (теннис) - $106,3 млн.
  2. Криштиано Роналду (футбол) - $105 млн.
  3. Лионель Месси (футбол) - $104 млн.
  4. Неймар (футбол) - $95,5 млн.
  5. Леброн Жеймс (баскетбол) - $88,2 млн.
  6. Стефан Карри (баскетбол) - $74,4 млн.
  7. Кевин Дюрант (баскетбол) - $63,9 млн.
  8. Тайгер Вудс (гольф) - $62,3 млн.
  9. Кирк Каузинс (америка футболы) - $60,5 млн.
  10. Карсон Вентц (америка футболы)- $59,1 сая