Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Танысының малын ұрлаған алаяқ ұсталды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кентау қаласының тұрғыны сиырлары мен бұқаларын сатпақ болады. Осы кезде танысы келіп, көмектесуге уәде ете 160 бастан астам ірі қара малын алып кеткен. Бұл 2017 жылы болған оқиға. Содан бері күдікті ер адам Кентау қаласының тұрғынына ақшасын да, малын да қайтармаған.

Танысының малын ұрлаған алаяқ ұсталды

Кентау қалалық полиция бөліміне алданғанын айтып арызданған жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 45 миллион теңгеден асты. Күдіктіні анықтау мақсатында, Кентау қалалық ПБ-нің қызметкерлері қажетті іздестіру шараларының кешенін жасап, тиісті жұмыстарды атқарған. Нәтижесінде жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты және өз кінәсін толық мойындаған. Анықталғандай, ер адам жәбірленушінің сеніміне кіріп, алаяқтық жасап, оның малын алып кетіп сатқан, ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде, ал күдікті қамауға алынған.

Осы орайда Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қырағы болуға және бейтаныс адамдарға артық сенімсіздік көрсетпеуге кеңес береді. Сондай-ақ, күмәнді қызметтерді ұсынатын түрлі алаяқтарға өз мүлкін сеніп тапсырудың қажеті жоқ екенін ескертеді.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше