Кеңес мүшелері де қалыс қалмай, маңызды мәселелерді қозғаған болатын. Маңғыстау облысы өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Қажымұрат Хайрушев мұнай-газ компаниялары тарапынан экологиялық талаптарының жиі бұзылуы туралы, мұнай құбырлары жарылған жағдайда оның қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келмей тұрып шұғыл қалпына келтіруде шын мәнінде нақты тәуекелдер барын ашып айтты. Ол Каспий теңізіндегі жиі қырылатын итбалықтар туралы да сөз қозғады. Оның пікірінше, Каспий теңізін ластамау мүмкіндігіне ие болу үшін мұнай-газ кен орындарының объектілерінде онлайн мониторинг орнату қажет. Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтар бойынша да түйіні тарқамаған мәселелер бар. Сонымен қатар, Каспий маңы елдері арасында мәртебесінен айырылып қалу қаупі зор екендігін де жоққа шығармады.
Өңірлік экологиялық кеңестің мүшесі Кирилл Осин «Caspian Oil Trans» ЖШС тарапынан мемлекеттік нормативтердің, қауіпсіздік ережелерінің көптеген бұзушылықтары және технологиялық құбыр түрінде салынбақшы құрылыстан, нақты магистральдық мұнай құбырынан, ұйымымен экологиялық нормаларды бұзылуына жол берілмек, оның салдары біраз қиындықтарға әкелетіні туралы сөз қозғады.
Эко-амбассадор Әділбек Қосабақов Расмсар Конвенциясы туралы және осы маңызды халықаралық құжаттан Қазақстан табиғаты үшін қандай пайдалы тұстары бар екендігі туралы түсінік берді. Оның айтуынша, сулы-батпақты алқаптардың жай-күйін экспресс-бағалау аяқталған.
Өңірлік кеңестің басқа да мүшелері өз пікірлерін ортаға салды. Кеңес жұмысына Маңғыстау облысының Экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов қатысып, қоршаған ортаны қорғауға қатысты барлық өзекті мәселелерге тұшымды жауаптар берді.
Алдағы уақытта өңірлік экологиялық Кеңес аймақтағы экономикалық өсу мен қоршаған орта деңгейінің жақсаруы арасындағы теңгерімді сақтау жөніндегі нақты ұсыныстармен тиісті мекемелерге шығатын болады. Бірінші кезекте кәсіпорындарды жаңа жасыл технологияларға көшуін ынталандыру туралы мәселені алға тарту маңызды. Кеңес жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәдениетті арттыру болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, аталған кеңес қоғамдық негіздегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оған мүше ретінде белсенділер, блогерлер, ҮЕҰ басшылары, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы және бақылаушы ретінде Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуроры кірген болатын.
Маңғыстау облысы