Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Түркістан облысының мешіттерінде көпшілік намаздар оқыла бастайды

1036 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 748 мешіт болса, оның облыс және аудан орталықтарындағы 632-інде жұма намаздары оқыла бастайды. Ал өзге бес уақыт намаздар барлық мешіттерде орындалады.

Түркістан облысының мешіттерінде көпшілік намаздар оқыла бастайды

Әрине, намаздар еліміздің бас санитар-дәрігерінің қаулысы бойынша, арақашықтықты сақтай отырып оқылады және мешіттің іші 30%-ға ғана толтырылады. Ал қалған адамдар мешіт сыртында құлшылық жасайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді мәлімдеді. Мешіттер жалпы көпшілікке 2 кезеңмен ашылады. Бірінші - аудан, қала, ауылдық округтердегі жамағаты көп жиналатын ірі мешіттер, сосын барлық ауыл-аймақтың мешіттері жаппай ашылатын болады.

«Карантин жағдайында мешіт қызметкерлері мен келушілер міндетті түрде бетперде қолдануы тиіс. Барлық мешіттердің намаз оқитын, құран оқитын бөлмелері антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Келушілер 1,5 метр арақашықтықты сақтай отырып жеке және жамағат намаздарын оқиды. Мешіт дәретханалары қауіпсіздік мақсатында карантин режимі аяқталғанша жабық тұрады. Жұма уағызы айтылмайды. Жұма намазының құтпасы мен намазы 15 минуттан асырылмайтын болады», деді облыс имамы.

987897

Ал Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Қасымбек облыс орталығындағы 30 мешіттің әзірге 17-і көпшілік үшін ашылатынын мәлім етті.

 

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше