Облыс әкімінің баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сүйенсек, науқастардың ішінде 4 ер, 4 әйел адам Семей қаласының және бір әйел адам Тарбағатай ауданының тұрғыны. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 6 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, ЖРВИ белгілерімен түскен 2 науқастан мониторинг жасау кезінде, 1 науқастан денсаулығы нашарлап, жоғары температурамен өз өтініштерімен келген кезде алынған.
⠀
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 168 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 57.
Шығыс Қазақстан облысы