Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Түркістан облысында үйінде есірткі егумен айналысқан тұрғын анықталды

150 рет көрсетілді

Шардара аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан өзіне жақын таныс емес азаматтың заңсыз есірткі егумен айналысатыны жөнінде хабарлама түседі. «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында аудандық полицейлер келіп түскен ақпаратты анықтап, тексеру үшін көрсетілген мекен-жайға шұғыл жетеді.

Тәртіп сақшылары тұрғынның үйін тінту кезінде оның үйі мен сарайының ішінен есірткі затына ұқсас өзіне тән хош иісі бар, өсіруге тыйым салынған, күтіп-бапталған өсімдіктер тапты. Күдікке ілінген Шардара ауданының тұрғыны бұрын сотты болған екен.​​​​​​ Оның үйінен бес түп есірткі өсімдігіне ұқсас өсімдік, сондай-ақ бөлмеден марихуанаға ұқсас кептірілмеген өсімдік тәркіленді. Оған қоса екі литрлі 24 дана шыны банкіде есірткі затына ұқсас заттар және үй ішінде өсірілетін өсімдіктерді күтіп-баптауға арналған  үш дана құрылғылар алынды.

Жүргізілген сараптама нәтижесінде бес түп өсімдік «сора» екені анықталған. Салмағы 1,6 келіден асады. Ал, бөлмеден алынған өсімдік салмағы 16 граммнан астам «кептірілген марихуана» болып шықты.​​​​​​​ Полиция бөлімінің хабарлауынша, аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелген.​​​​​​​​​ Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап, күдікті өз үйінде есірткіні қандай мақсатта өсіргенін анықтауда.

Соңғы жаңалықтар

Қай салада жалақы өсті?

Экономика • Бүгін, 11:45

Ұқсас жаңалықтар