Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Балалар үйіндегі ізгілік шарасы

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде отбасының, ата-анасының мейірім-шуағын көрмей есейіп жатқан балалар қаншама. Әлеуметтік қорғау жүйесінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің әр кез  аялы алақанға, ерекше мейірімге зәру екені көңілге қаяу түсіреді. Дегенмен, қоғам мейріміне мұқтаж балаларға сыйлықтар үлестіріп, олардың бір сәтке болса да көңілін аулағысы келетін жандардың көп болғаны көңілге демеу.

Балалар үйіндегі ізгілік шарасы

Осы орайда балаларға сыйлықтар үлестіруді жыл сайын дәстүрге айналдырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ұжымы «Нұр Отан» партиясының «Білікті ұстаз» бастауыш партия ұйымының қолдауымен биылғы жылы да балалар үйіндегі балаларға базарлық тарқатып қайтты.  

Биылғы жылы да осынау дәстүрлі іс-шараны жалғастырып Институт директоры Р. Садвакасова, «Нұр Отан» партиясының «Білікті ұстаз» бастауыш партия ұйымының хатшысы Н.А.Қарабалаева, Институт қызметкерлері: Ж.Е.Ултанбаев, П.Ө.Асылбек Алатау аудандық Жасөспірімдерге уақытша қарайтын мекеменің тәрбиеленушілеріне сыйлық әкелді. Институт директоры сыйлық алып, қуаныштан жүздері бал-бұл жанған жеткіншектердің келешекте Тәуелсіз еліміздің тәрбиелі, саналы, сауатты ұланы болып қалыптасуына деген ізгі тілегін айтты.

Мекеме директоры Беркімбаева Бибігүл және жасөспірімдер психологі Құлымбетова Нұргүл ерте жастан ата-ана мейірімінен шет қалып, балалар үйінде, арнайы мекемелерде тәрбиеленетін қамкөңіл балаларға қолдау көрсеткен өрлеуліктердің қайрымдылық шарасына ризашылықтарын білдірді.