Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Түркістан: Құс фабрикасы өз өнімімен ауданды толық қамтамасыз етуде

975 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезіндегі шектеулер өңірдің, оның ішінде аудандардың өз мүмкіндіктерінің қай деңгейде екенін айқындай түсті. Мысалы, Түркістан облысы Сарыағаш ауданына бұрындары өзге де облыстардан жұмыртқа жеткізілетін.

Түркістан: Құс фабрикасы өз өнімімен ауданды толық қамтамасыз етуде

Ал карантин кезінде алыс-беріс тоқтаған соң аудандағы жұмыртқа шығаратын фабрикаға сұраныс артқан. Тәулігіне 220 мың жұмыртқа өндірілетін фабрика өнімі бүгінде аудандағы базарлар мен сауда орындарын толық қамтып отыр.

Құс асырайтын кәсіпорында 212 мың тауық бар. Жұмыртқаның орташа басасы 25-28 теңге аралығында саудаланады. Еуропа технологиясы үлгісінде жұмыс істейтін өндіріс орнының негізгі бөлігі автоматтандырылған. Жергілікті 50 азамат тұрақты жұмыспен  қамтылған. Кәсіпорын басшылары фабриканы кеңейтіп, 2 цех қосуды жоспарлап отыр. Жем қоймасы салынуда. Бір жылда 5 мың тонна бидай жейтін құстарға  жем жеткізу қиын екен. Жем қоймасы дайын болған соң, балапан бағатын орын салынбақ.

 

 

 

Түркістан облысы