Орыс алпауыты Роман Абрамовичтің алқауындағы аталмыш команда Хаким Зиеш үшін 40 млн еуро төлесе, Тимо Вернерға 64 млн еуро жұмсаған екен. Жасы 25-ке жаңа толған Т.Вернер лондондық клубпен 2025 жылға дейін шарт жасасыпты. Футбол мамандары бұл жігіттің болашағы зор деп қарайды. Өйткені, Бундеслиганың осы маусымдық ойындарында 29 дүркін алаңға шығып 25 голдың авторы атанып, мергендер көшін бастап келе жатқан Роберт Левандовскийден кейінгі екінші орынға жайғасыпты.
Қазіргі таңда Челси сапында атойлап жүрген мықтылар: Кристиан Пулисик, Каллум Хадсон-Одои, Виллиан, Мэйсон Маунт, Тамму Абрахам, Билли Гилмоурлардың қатарына жоғарыдағы екі мықтының қосылуы команданы өрге жүздірері анық. Енді тек ғана құрама бапкері Фрэнк Лампардтің тәжірибесі мен ұйымдастыра білуі ғана қалған тәрізді.