Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Түркістан: Сенім жәшігіндегі студент пікірлері назарға алына ма?

449 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Таза сессия» акциясы бойынша  келелі кездесу өтті.  

Түркістан: Сенім жәшігіндегі студент пікірлері назарға алына ма?

Негізгі мақсаты - емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету және  жоғары білім беру  жүйесінде  сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында адалдық құндылығын кеңінен насихаттау болып табылатын акция аясында өткен кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, Халықаралық университеттің вице-президенті Әміреқұл Абуов және Академиялық мәселелер бойынша департамент директоры Талғат Ниязов,  сондай-ақ «Түркістан - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері  Ерұлан Тұңғышбаев қатысты. Кездесуде жоғары оқу орнының қоғам індетімен қарқынды күрес жүргізу бойынша атқарып жатқан жұмыстары ортаға салынды. Университет бойынша барлық емтихандарға бейнебақылау жүргізілген және сессияның өту барысына прокторинг  жасайтын арнайы жұмыс тобы  құрылған. Онлайн емтихандар  moodle (dot.ayu.edu.kz) платформасында және Zoom, Webex Meetings, Microsoft Teams қосымшалары  арқылы өтуде. Сондай-ақ кездесуде Парасаттылық орталығы мен арнайы бекітілген мамандар онлайн емтиханның өту барысын жіті қадағалап отырғаны айтылды. Ал Мирас Асқарбайұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қойылған сенім жәшігіндегі студент пікірлерін назарға алу қажеттігіне тоқталып, білім беру ошағы - ел ертеңінің берік іргетасын қалыптастыруда айрықша маңызға ие, сондықтан жастар адал біліммен азықтануы тиіс екенін айтты.

Жиынды қорытындылаған  Әміреқұл Абуов Агенттіктің бастамасымен Халықаралық университетте қолға алынған бірқатар жобаның нәтижесіне тоқталып, сыбайлас жемқорлықсыз мәдениетті қалыптастыруда студент жастардың  белсенділігі жоғары екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше