Коронавирус • 05 Маусым, 2020

Уханьда коронавирус дертіне шалдыққан соңғы үш науқас ауруханадан жазылып шықты

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ухань қаласындағы ауруханадан COVID-19 диагнозымен жатқан соңғы үш науқас жазылып шықты. Мұны қала әкімшілігі хабарлады.

Уханьда коронавирус дертіне шалдыққан соңғы үш науқас ауруханадан жазылып шықты

Әлемді шулатып отырған коронавирус дерті 2019 жылдың желтоқсан айында нақ осы қаладан бастау алғандығы белгілі.

РБК таратқан хабарда 5 маусым күні түн ортасынан бастап Ухань қаласы мен Хубэй провинциясында коронавирустың бірде бір жаңа дерегі тіркелмегендігі айтылған. Соңғы үш науқас ауруханадан жазылып шыққан. Сөйтіп қалада бірде бір коронавирус науқасы қалмаған.

Еске сала кетсек, эпидемия етек алған кезде Хубэй провинциясында 68135 адам COVID-19 дертіне шалдыққан болатын. 63623 адам ауруынан сауықты, 4512 адам қайтыс болды.