Аймақтар • 06 Маусым, 2020

Успен ауданында биыл 24 өрт оқиғасы болған

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Самат Асайынов ауданға жұмыс сапары барысында су өткізу құбырлары мен өрт гидранттарын орнату жұмыстарының барысымен танысты.

Успен ауданында биыл 24 өрт оқиғасы болған

Суретті түсірген: Ербол Теміров

Аудан әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша  мәселелер талқыланды. Аудан әкімі Николай Дычко өрт қауіпті және суға шомылу кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін өзінің жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.

Биыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамаға өрт гидранттарын орнату бойынша жеке тармақ қосылғанын айтты. Ал өрт гидранты деген-өрт сөндіру үшін су құбыры желісінен су алуға арналған құрылғы. Кез келген техникалық құрылғы сияқты, ол оның жұмысқа қабілеттілігін тұрақты тексеруді қажет етеді.

Қазір Лозовое ауылында 37, Тобылжан ауылында 25, Ковалевка ауылында  44, Қозыкеткен ауылында  33 гидрант  құрылғысы орнатылған. Яғни, өрт гидранттарын орнату өрт сөндірушілердің көліктерін көліктеріне су толтыру қауіп-қатерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері ауданда 24 өрт оқиғасы, оның ішінде тұрғын үй секторында 19 өрт орын алған. Аудан тұрғындарына өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіру мақсатында   аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

 

Павлодар облысы