04 Қазан, 2013

Үндестік

551 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақ күй өнерінің кешелі-бүгінгі көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстанның Халық әртісі, бұған дейінгі қазақ­тың Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Тұяқберді Ша­мелов өткен жылдың күзінде беу, дүние жалғаннан фәниге аттанып кетіп еді. Сол кезде ол шығармашылық сапармен өзінің туған жері Ақжайықта жүрген болатын. Текті, талантты өнер иесінің мәңгілік дамылдайтын орны қай жерде орналасуы керек деген мәселе алдан шыққан кезде, оған Орал-Жаңақала күре жолының бойындағы Мәмен кесенесінің жаны лайықты деп табылды.

Кез келген таланттың бас иіп, пір тұтатын адамы болуы табиғи құбылыс. Ай­талық, жыр алыбы Жам­былдың пірі – Сүйін­бай болса, табиғаты тек қа­ра­­пайымдылықтан жара­тыл­ған Тұяқбердінің пірі күй тәңірісі – Мәмен бола­тын. Тұяқберді Мәменді көр­меген. Өйткені, ол Т.Ша­ме­лов дүниеге келмес­тен көп уақыт бұрын өмір­ден өткен. Әйтсе де, Тұяқберді Мәменнің артында қал­дырған күй мұра­сы та­би­ғатынан өзіне кере­меттей үндестік тапқан. Оның қазақ күй өнерінің қос дүлдүлі Қали мен Мәменге арнаған туындысы да бар.

Айтып-айтпай не керек, күй өнерінің екі буыны мен екі ұрпағы өкілінің кесенесі қатар орналасты. Алыстан көз тартатын осынау қос ақшаңқан кесене жоғарыда айтылғандай Орал-Жаңа­қала күре жолының бойында орналасқан. Орал өңірінде «Жаңақалаға барып күйшімін деме» деген сөз бар. Әрине, халық айтса қалт айтпайды ғой. Егер Жаңақала-Орда топырағы Құрманғазы мен Динаның, дәулескер күйші Дәулеткерейдің, Мәменнің, Қали Жантілеуовтің, Оқап Қабиғожиннің кір жуып, кіндік кескен кіші отаны болса, осылай демегенде не деуге болады? Қазақ күй өнерінің тағы бір қайталанбас тұлғасы, Қазақстанның Халық әртісі, марқұм Қаршыға Ахмедяровтің сөзімен айтқанда, осындай топырақтан Тұяқбердінің дүниеге келуі, концертмейс­тер болуы кездейсоқтық емес, заңдылық.

Осыдан екі жыл бұрын Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов мәдениет үйінің алдынан күйшілер керуенін ашуға бастамашы болды. Соған сай бұл арадан жоғарыда аталған қазақ күйінің пайғамбарларына кеуде мүсіндер орнатылды. Солардың қатарын ала бұлты мен қара бұлты араласып, төбеден төнген қыркүйектің соңғы күні Тұяқберді Ша­ме­ловтің кеуде мүсіні то­лық­тырды.

Киелі Жаңақала топыра­ғында көрнекті күйші Тұяқ­берді Шамеловке арналып тұрғызылған ақшаңқан кесе­ненің ашылу рәсіміне және оны еске алу шараларына қазақтың Құрманғазы атындағы академиялық ха­лық аспаптар оркестрінің ұжы­мы арнайы келіп, тәу етті, күйші рухына арнап үл­кен концерт қойды.

Батыс Қазақстан облысы,

Жаңақала ауданы.