Спорт • 06 Маусым, 2020

Джордж Форман ең үздік алып боксшылардың есімдерін атады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атағы алысқа жайылған АҚШ-тың кәсіпқой боксшысы Джордж Форман осы спорт түрін тарихындағы аса ауыр салмақта жұдырықтасқан ең үздік былғары қолғап шеберлерінің есімдерін атады.

Джордж Форман ең үздік алып боксшылардың есімдерін атады

Айтулы азаматтың пікірінше «ТОП-10» боксшының қатарына енуге мына саңлақтар лайық: 

1. Джо Луис
2. Рокки Марчиано
3. Джон Лоуренс Салливан
4. Джек Джонсон
5. Мухаммед Али
6. Флойд Паттерсон
7. Леннокс Льюис
8. Майк Тайсон
9. Эвандер Холифилд
10. Джек Демпси

 

Джордж Форманның жайында айтар болсақ, ол 1949 жылдың 10 қаңтарында АҚШ-тың Техас штатында туып-өсті. Алғашында әуесқойлар арасында жұдырықтасып, 1968 жылы Мехико Олимпиадасының жеңімпазы атанды. 1969-1997 жылдар аралығында кәсіпқой рингті шайқады. Сол аралықта 81 кездесу өткізіп, 76 рет жеңіске жетті. 68 бәсекені нокаутпен аяқтады.

Кезінде Форман Мұаммед Әли, Джо Фрейзер, Эвандер Холифилд, Майл Мурер және тағы басқа даңқты боксшылармен жұдырықтасты. 1997 жылдың 22 қарашасында Шеннон Бриггстен ұпай санымен ұтылғаннан кейін ол былғары қолғабын шегеге ілді. Ол кезде Джордж 48 жастан асқан еді...