Қазақстан • 06 Маусым, 2020

Қорғаныс министрлігінің қызметтері мобильді қосымшада қолжетімді болады

15 рет көрсетілді

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қорғаныс министрлігі құрамалымдық бөлімшелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің бір бөлігі халыққа eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру шеңберінде Қорғаныс министрлігімен 2019 жылы халыққа көрсетілетін 14 мемлекеттік қызметтің 13-і электрондық форматқа көшірілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді одан әрі цифрландыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді танымал ету үшін ағымдағы жылдың соңына дейін Қорғаныс министрлігі Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл жасай отырып, «Электрондық үкімет» порталының мобильдік қосымшасы арқылы сегіз мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруды жоспарлап отыр.

Жыл соңына дейін қазақстандықтар үйден шықпай-ақ, смартфон арқылы әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлікті, запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға арналған әскери билеттерді немесе олардың дубликаттарын ресімдей алады деп күтілуде. Сонымен қатар, жылдам әрі қауіпсіз түрде әскери қызмет өткергенін растау туралы, азаматтың әскери қызметке қатысы туралы анықтамаларды, сондай-ақ жеңілдік санаттарындағы азаматтарға анықтамалар алуға болады. Олар Ұлы Отан соғысының, Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар және  интернационалист-жауынгерлер.

Тізімге сондай-ақ азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау, әскери міндеттілер мен шақырылушыларды әскери есепке қою немесе одан шығару, сонымен қатар  Қарулы Күштердің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою жөніндегі қызметтер кіреді.

2019 жылы Қорғаныс министрлігі 310 112 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның 290460-ы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» филиалдары арқылы, 10 239-ы қағаз құжаттар арқылы әскери бөлімдер мен мекемелерде, 9 413-ы «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылды.

Басты мақсат, әрбір адам мемлекеттік органдар мен мекемелерге бармай немесе қағаз құжаттарды қолданбай-ақ, «жылдам және онлайн» қағидасымен мемлекеттік қызметті алу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Черногориямен ойнайды

Футбол • Бүгін, 07:55

Ұлт аспабы ұлықталды

Руханият • Бүгін, 07:54

Табиғат-ананы бүлдірмес болар...

Руханият • Бүгін, 07:46

Көп қарға мен ақ қарға

Экология • Бүгін, 07:45

Індет, індетпен күрес – міндет!

Медицина • Бүгін, 07:39

Қала рухы

Руханият • Бүгін, 07:37

Абайдың еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 07:30

Жанға сая жасыл белдеу

Экология • Бүгін, 07:13

Астанадан қанат қаққан...

Руханият • Бүгін, 07:08

Екі ақынның жырындағы елорда

Руханият • Бүгін, 07:01

Мерейі үстем Малика

Өнер • Бүгін, 06:40

Біз – волонтерміз!

Қоғам • Бүгін, 06:40

Mercedes өкілі топ жарды

Спорт • Бүгін, 06:35

Адалдың аты озады

Экономика • Бүгін, 06:34

Оттегі өндіретін цех салынады

Экология • Бүгін, 06:28

Қаулы орындалуымен құнды

Аймақтар • Бүгін, 06:25

Ақ желеңді жандар марапатталды

Медицина • Бүгін, 06:19

Астанадан қанат қаққан...

Руханият • Бүгін, 06:15

Елбасы тағылымы

Елбасы • Бүгін, 06:12

Көгілдір отынға қосыла бастады

Аймақтар • Бүгін, 06:10

Көп қарға мен ақ қарға

Экология • Бүгін, 06:04

Ұлттың батыр ұланы

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар