Спорт • 06 Маусым, 2020

Қыршын кеткен саңлақ

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан тура бес жыл бұрын, яғни 2015 жылдың 6 маусымында Ресейдің даңқты спортшысы, семсерлесуден талай биік белестерді бағындырған Сергей Шариков жол апатынан қайтыс болған еді...

Қыршын кеткен саңлақ

Айтулы спортшының қол жеткізген табыстары қомақты. 1996 жылы Атланта Олимпиадасында алтын мен күміс алса, 2000 жылы Сиднейде бас жүлдені олжалады. 2004 жылы Афиныда қолаға қол созды. Әлем чемпионаттарында 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді иеленді. Еуропа біріншілігінде 5 алтын, 1 күміс және 2 қоланы қоржынға салды. Дүниежүзілік Универсиадада екі рет теңдессіз деп танылды.

2015 жылдың 6 маусымында Калуга облысы аумағында квадроциклді тізгіндеген даңқты спортшы қарсы бағытқа шығып кетіп, зымырап келе жатқан көлікпен соқтығысады. Сол жерде ол жан тәсілім етті. Сергей Шариков небары 40 жаста еді...

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55