Қазақстан • 07 Маусым, 2020

Коронавирус: Шетелден келген азаматтар қалай тексеріледі?

247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шетелден келген азаматтар екі тәулікке оқшауланады. Бұл туралы 6 маусым күні шыққан Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған.

Коронавирус: Шетелден келген азаматтар қалай тексеріледі?

Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстер келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргзіледі:

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден келген барлық адамдарды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз етсін. 

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдарға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхатты ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме жүргізіледі.

COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген, авиарейспен шет елден келген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулауға жатпайды. Оларға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме жүргізіледі.