Әлем • 08 Маусым, 2020

Microsoft енді қазақша сөйлейді

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Microsoft компаниясы Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілінің де қосылғанын жариялады. Бұл – Google-ден кейінгі қазақ тілін қосқан екінші әлемдік компания. Компанияның аударма тілдер тобында қазір 60-тан астам тіл қамтылған.

Microsoft енді қазақша сөйлейді

«Тілге қатысты кедергіні жою жөніндегі миссиямызды жалғастыру барысында Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қосқанымызды қуана хабарлаймыз. Qazaqsha не Qazaq Tili Қазақстанда, Қытайдың батысында, Моңғолияның батысында, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа елдерінде қол­да­нылады. Қазақша сөйлей­тін 22 миллионға жуық адам бар», делінген Microsoft компа­ния­сы­ның ресми блогындағы жазбада.

Қазақ тілі ендігі жерде Micro­soft-тың аударма жасайтын қолданбалары, баптаулары, Office бағдарламасы, Bing-ке арналған аудармашыда және кәсіпкерлер мен бағдарлама жасаушыларға арналған Azure Cognitive Services аударма қыз­меті секілді жобаларында қол­жетімді болмақ.

Енді интернет пайдаланушы­сы кириллица әліпбиімен теріл­ген мәтінді Microsoft Translator-да қазақшаға және тағы басқа 60 шақ­ты тілге аударуға мүмкіндігі бар.

Бұл – қазақ тілінің қолданыс ауқымы кеңейіп, салмағы артып келе жатқанын айғақтайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілінің мем­ле­кеттік тіл ретіндегі рөлі күшей­іп, ұлтаралық қатынас тіліне ай­налатын кезеңі келеді деп есеп­теймін», дегені есімізде. Енде­ше, қазақ  тілінің мәртебесін елі­міз ғана емес, бүкіл әлем мо­йын­дай бастады десек, қателес­пей­міз.