Әлем • 08 Маусым, 2020

Deutsche Welle: Германия үкіметі Lufthansa тобының үлескері атанбақ

194 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Брюссель мен Берлин арасын­да­ғы ұзақ талқылаудан кейін гер­мания­лық Lufthansa әуе компаниясына 9 млд еуро көлемінде көмек көрсетіледі деген келісімге келді. Бұл әзірге COVID-19 пандемия­сы кезінде мемлекет тара­пынан бөлінген ең үлкен көмек болып отыр.

Deutsche Welle: Германия үкіметі Lufthansa тобының үлескері атанбақ

Осындай қолдауы үшін Гер­ма­ния компанияның 20 пайызы мен бақылау кеңесіндегі екі орын­ға қол жеткізеді. Компания бас­шылығы Германия мен Еуро­па Одағының бұл қолдауын қа­был­­дағанын сенбі күні ресми түрде мәлімдеді. Онымен қоса Франк­фурт пен Мюнхен сияқты ірі қалалардағы әуежайлардың ұшып-қону жолақтарын да қол­дау­шыларға өткізуі мүмкін екен­ді­гін хабарлады. Мұндай келісім Германия үкіметін компанияның ең үлкен үлескері етЕді.

Шешім қабылданғанымен, нақты бекітілген жоқ. Қос тарап 25 маусымда қайта кездесіп, жалпы отырыс өткізеді. Құра­мын­да Бельгия, Аустрия, Швей­ца­рия әуе компаниялары бар Lufthansa тобы коронавирус пан­демиясы кезінде 1 млн еуро­дай шы­ғынға ұшыраған. Ком­па­н­ия­ның директорлар кеңесінің басшысы Карл-Людвиг Клей «Бұл Lufthansa үшін қиын әрі ауыр жол. Германияның федералды үкіметімен бірге әлемдік әуе көлігі индустриясындағы ал­дың­ғы қатардағы орнымыз­ды сақтап қалуды негізгі мақса­ты­мы­з ретінде белгіледік», деді. Ал атқарушы директор Карстен Шпор қиын күндерде компанияға адал қызмет еткен қызметкерлер мен басқа да үлескерлерге риза­шы­лығын білдірді.

Бұған дейін әуе көлігінің алыбы үкіметтің қолдауын қабыл­да­май­тынын айтқан болатын. Олар Еуроодақтың талап­та­ры тым қатал болып, компа­ния жұмысы мен бе­де­ліне әсер ете­ді деп қорыққан-ды. Ал Германия үкіметі компания пан­­демияға дейін жақсы табыс тап­қанын, алайда қазіргі жал­ғыз шара осы екенін жеткізді. Де­генмен, үкіметтің әуе көлігі сек­торына көз тіккенін басқа құ­рылымдар сынға алды. Бұл ке­лі­сімге келу де ұзақ уақытты талап етті. Өйткені Германияның Брюссельмен келісімі оңайға соққан жоқ. Канцлер Ангела Меркель компанияға қатысты федералды бақылауды азайтуды сұраған болатын.