Әлем • 08 Маусым, 2020

CNN: АҚШ-тағы наразылықтың екінші онкүндігі

111 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

әсілділердің на­разылығы басылар емес. Де­малыс күндері үлкен штаттардан бөлек, кішкентай қал­ашық­тың тұрғындары да көшеге шықты. Наразылықтың екінші онкүндігі жүріп жатыр.

CNN: АҚШ-тағы наразылықтың екінші онкүндігі

Миннеаполис штатының тұрғыны Джорд Флойд полиция қолынан қаза тапқаннан кейін басталған толқулар әлі тын­шымай тұр. Нью-Йорк, Сиетл сияқты үлкен қалалардың қата­рына Видор, Техас, Харв, Морион, Огайо сияқты кіші­гі­рім қалашықтар қосылды. Нара­зы­лар мемлекеттегі нәсілдік кем­сі­тушілік мен әділетсіздікке нара­зы­лығын білдіруде.

Наразылық жай қарсы­лық­та­р­мен тоқтамай, халықтың үл­кен дүкендерді тонауы­на ұлас­ты. Азаматтар қала ор­­т­а­лығ­ын­дағы дүкендерге ба­­сып кіріп, қалағанын алып шығуда. АҚШ үкіметі мұны аран­датушылар ұйымдастырып отыр дейді. Сонымен қатар бұл әре­кеттер коронавирус пандемиясы салдарынан қабылданған жаңа ережелерді бұзып отыр. Елдегі қашықтан жұмыс істеу, мектептер мен университеттерді онлайн режімге көшіру сияқты сақтық шараларын ығыстырды.

Джордж Флойд туған Сол­түс­тік Каролина штатында марқұмға арналған мемориалды тақта орнатылып, тағзым етуге күн са­­­­йын мыңдаған адам жиналады. Вашингтондағы қарсылықтар күшейе түсті. Көшедегілер «Елдің бас қаласын басып алсақ, басқа штаттарды күйрету ештеңе емес. Бұдан ешкім аман қалмайды. Полиция Америка азаматтарына әділетсіздік көрсетпеуі керек», деп мәлімдеді.

Ал наразыларды тыңдауға шыққан Миннеаполис штатының мэрі Джейкоб Фрейдті халық «Ұят! Джейкоб, үйіне қайт» деп алаңнан қуды. 38 жастағы қала басшысы 2018 жылы тұрғындарға халық пен полиция арасындағы қарым-қатынасты дұрыстаймын деп сөз берген екен. БАҚ елдегі жағдайдың қорқынышты фильм­дер­дегі кейіпке енгенін жазады.

Дүйсенбіде Ақ үй маңындағы Лафайет алаңына жиналғандарды полиция резеңке оқпен атып, көзден жас ағызатын газ қол­дан­ған болатын. Халық мұндай әрекетке ашуланып, полиция көліктерін, үйлерді қиратуға көшті. Наразылық бойынша сарапшы, Ұлыбритания уни­вер­си­тетінің профессоры Мишель Хамильтон полицияның бұл әрек­еті жақсылыққа апармай­ты­нын, құқық қорғау орган­да­ры­ның қызметкері сақтыққа жауап беруі керек екенін айтады.