05 Қазан, 2013

Қытайда терісіне пышақ өтпейтін егеуқұйрық ұсталды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04 10-EgeukuirikҚытай фермерлері 5 кило тартатын егеуқұйрық ұстады. Бұл туралы «paranormal-news.ru» хабарлады.

Куәгерлердің айтуы бойынша, егеуқұйрық балықты толығымен жұтып жейді. Сондай-ақ оның сүйектері қатты және терісі өте қалың көрінеді. Орташа егеуқұйрықтан он есе үлкен бұл жануарды ең алғаш рет Хунань провинциясы Шеньян ауылының тұрғындары тоғанда байқап қалған. Жергілікті тұрғындар оның сол тоғаннан 3 кило тартатын балықты ұстап, оны жағалауға алып шығып толығымен жұтып қойғанын көрген.

Фермерлер бірігіп, ауылға үрей туғызып жүрген егеуқұйрықты ұстауға бекінген. Бірнеше күн бойы оның ізіне түскен аңшылар ақыры алып егеуқұйрықты торға түсіреді. Алайда, олар егеуқұйрықтан тамақ әзірлемек болып, оны союға тырысқан кезде екі пышақты сындырып алған екен.

Айдар Өрісбаев.