Коронавирус • 08 Маусым, 2020

Ақмола облысында бір отбасы түгел вирус жұқтырды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста 5 адамнан вирус анықталды. Барлығы бір отбасының мүшелері. Олар коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған.

Ақмола облысында бір отбасы түгел вирус жұқтырды

Бұған дейін өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты  болатын. Өткен аптада көрсеткіш бір жарым процентке төмендеген болатын. Карантин режимі жеңілдетілгеннен кейін, тұрғындар тарапынан салғырттық аңғарыла бастады. Бәлкім, соның салдарынан өсім көрсеткіші көбейіп келеді. Мәселен, өткен мамыр айында вирус жұқтырған 60 адам тіркелсе, соңғы 5 күнде 23 дерек анықталды. Індеттің географиялық аумағы да кеңейген. Бұрын елорданың іргесіндегі елдімекендер ғана індет ошағы есебінде саналып еді, бүгінде Қорғалжын, Ерейментау, Зеренді аудандарында да вирустың етек жайғаны байқалады.  Целиноград ауданы Қараөткел елдімекенінде бір отбасының 5 адамынан вирус анықталған.

– Бүгінде Зеренді ауданына эпидемиологиялық сараптама жасалуда. Ал вирус жұқтырған науқастар ауруханаға жатқызылып, ем қабылдауда. Індетті жұқтыру себебі зерттелуде. Науқастармен байланыста болған жақындарын анықтауға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде, – дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Айнагүл Мусина. 

Сақтансаң ғана жаман тұмаудан жаның аман қалады.