Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Атырау: Қауіпті індеттен зейнеткер көз жұмды

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциясы тағы бір адамды құрбан етті. Бұл жолы 72 жастағы зейнеткер қайтыс болды.  

Атырау: Қауіпті індеттен зейнеткер көз жұмды

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін  Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылының 72 жастағы тұрғыны екі жақты пневмониямен аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылыпты. Науқастың артериалды гипертензия, тамырдан шыққан прогрессивті дискркуляторлы энцеопатия, бауыр стеатозы, созылмалы панкреатит аурулары болған екен. Сол себептен, 4 маусымда қауіпті індеттің  бар-жоғын анықтау үшін тексеру  жүргізіліпті. Кейін, 6 маусымда талдау қорытындысымен коронавирус ирфекциясының бары наықталды.

– Науқасты облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыруға дайындап еді. Бірақ оның жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Алайда бұл  нәтижесіз болды. Өкінішке қарай, науқас көз жұмды, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.