Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Экопакет – табиғатқа қамқорлық

28 рет көрсетілді

Көкшетаудың сауда орындарында экопакеттер тегін үлестірілуде. Табиғи таза қаптама полиэтилен өнімдеріне балама болмақ. Сондай-ақ, қағаз қапшық азық-түлік тауарларын ұзақ мерзімде сақтауға да қолайлы дейді өндірушілер.

Экопакет – табиғат пен қоршаған ортаға қамқор тұрғындар таңдауы. Әлемде қағаз қаптама жер жүзін ластаған полиэтиленге балама болып отыр. Көкшетаулық бастамашыл жастар «Экопакет» өндірісін қолға алған. Өндірісі күрделі, шикізаты қымбат болса да, жас буын өңір тұрғындары табиғатты сақтауға назар аударады деген сенімде.

– Бұл экологиялық пакеттер тегін таратылады. Көкшетау қаласында үш супермаркетте бар. Тұрғындар бұл пакеттерді жақсы қабылдауда. Оң пікірлер білдіріп жатады, – дейді «Экопакет» жобасының менеджері Рысбек Өмірғалиев.

Жас кәсіпкерлер өндірістік желіні өзге де қаптама түрлерін өндіруге бейімдеуді жоспарлап отыр. Цемент, ағаш көмірі тәрізді құрғақ өнімдер де қағазбен қапталады. Қазір өнім құны қаптама сыртындағы жарнама арқылы ақталуда. Қолданылатын желім мен бояу адам ағзасына зиянсыз.

– Сондай-ақ, пакетке қандай да бір ақпаратты  басу үшін, табиғи таза бояулар қолданылады. Бұл азық-түлік тауарлары үшін арнайы ойластырылған шешім. Сондай-ақ, қағаз қаптамадағы заттар ұзақ сақталады, – дейді «Экопакет» жобасының менеджері Анель Қарымсақова. 

Бастысы, тұрғындар саналы таңдау жасауға дағдыланса екен дейді табиғат жанашырлары.  

 

Көкшетау қаласы

Соңғы жаңалықтар

ҚТЖ: Тағы бір басшы ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 10:47

Пневмониядан 3 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:25

Жеке рекордын жаңартты

Спорт • Бүгін, 09:03

Арқа көкпаршылары атқа қонды

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Топжарған «Торпедо»

Спорт • Бүгін, 08:59

«Қара пантера»

Спорт • Бүгін, 08:58

Жамбылдық жомарт түлектер

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Сөз сойыл №100

Қоғам • Бүгін, 08:52

Дәрігерлерге тарту

Театр • Бүгін, 08:50

Үнемді өндіріске – үлкен қадам

Экономика • Бүгін, 08:44

Қазақы болмысты Хәрри Поттер

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Ұқсас жаңалықтар