Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Қызылордада соңғы тәулікте 4 науқас тіркелді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында вирус жұқтырғандардың 450-і симптомды түріне, ал елуі сиптомсыз түріне шалдыққандар. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.

Қызылордада соңғы тәулікте 4 науқас тіркелді

– Соңғы тәулікте тағы 4 тұрғынның вирус жұқтырғаны анықталып отыр, – деді басқарма басшысы. – Олардың екеуі Қызылорда қаласының, біреуі Шиелі, тағы бірі Жаңақорған ауданынан. Үш адамнан дерт белгілі ауруханаға жатқанда анықталса, бір тұрғыннан өз бетінше тест тапсыру кезінде белгілі болған.

Қазір облыс бойынша 129 науқас ем алып жатыр. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр. Басқарма басшысы брифингте осы уақытқа дейін облыста 38 170 тест тапсырылғанын атап өтті.