Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

731 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Даулат Ешкеев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Даулат Затұлы Ешкеев 1975 жылы туған. Кеден органдарында жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметте 1999 жылдан бастап еңбек етеді. Қарағанды облысы әкімі аппаратының бөлімдерін басқарған. Қарағанды қаласындағы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары болды.

Қазіргі тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

 Қарағанды облысы