Қазақстан • 08 Маусым, 2020

Қазақстанда үш әуежайдың коды өзгеруі мүмкін

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірнеше қаласында әуежай кодтары өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты, деп хабарлайды, - Egemen.kz.

Қазақстанда үш әуежайдың коды өзгеруі мүмкін

«Шын мәнінде NNN сынды кодтың түрлі нұсқалары ұсынылды. Бұл код халықаралық IATA ұйымымен келісіледі. Келесі қадам - Атырау (GUW), Ақтау (SCO) сынды өзге қалалардың әуежайларындағы кодты өзгерту. Бұл кодтар кеңестік заманнан қалған. Осы бағытта IATA ұйымымен бірлесіп, жұмыс істеуді жоспарладық», - деді Талғат Ластаев.

Оның айтуынша, IATA ұйымының негізгі талабы - әуежайларға бір рет тұрақты код беру және оны өзгертпеу.

«Біз өз тарапымыздан аргументтер келтіріп, жүйелі түрде IATA қағидаларына өзгеріс енгіздік. Бұған дейінгі қарарда кодтың өзгертілмейтіні айтылса, қазір белгілі бір жағдайда өзгертуге болатыны туралы өзгеріс енгізілді. Яғни, біз барлық мемлекеттерге мүмкіндік ашып бердік. Олар да көрсетілген талаптарды сақтай отырып, кодтарын өзгерте алады. Біз мұны Қазақстан үшін ғана жасаған жоқпыз», - деді ол.