Талай айтыста топ жарып, елдің ықыласына бөленген айтыскер ақын Айбек Қалиев Ұлт руханиятының көсемі Ахаңның туған жеріне байланысты мәселеге назар аудару керегін жазды. Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Жақында Ұлт руханиятының көсемі Ахаңның туған жері (Қостанай облысы Жангелді ауданы) Ақкөлге барып қайттым. Ахаңның кіндік қаны тамған Сарытүбектегі үйіне де кірудің сәті түсті. Осыдан он шақты жыл бұрын сол жердегі Ақкөл, Қарасу ауылдарының тұрғындары асар жасап, Сарытүбектегі Ахаң туған үйді қалпына келтірген болатын. Қарасу ауылының тұрғындарымен пікірлестік. Ахаңның ұрпақтары біраз өкпе-реніштерін айтты. Ахмет Байтұрсынұлының аса көп насихатталмай жүргенін, Алты Алаштың мұңын жоқтаған Ахаңның қазір тек Үмбетей руына ғана қажет боп қалғанын ашына жеткізді. Расында да біз өте науқаншыл боп кеттік, ұлыларымызды тек мерейтой қарсаңында ғана есімізге алып, жайшылықта мүлде ескере бермейміз", - дейді Айбек ақын.
2022 жылы қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы және реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы болмақ. Айтыс ақынының айтуынша, осы бір айтулы күні той да, айтыс пен бәйге де ұйымдастырылуға тиіс. Спорттық шаралар мен ғылыми конференциялар да өтуі мүмкін. "Бірақ тойдан қалар бір белгі болуы керек", - деген ой көпшілікті мазалайтын көрінеді.
"Ауыл тұрғындарымен пікірлесе отырып, солар айтқан үш мәселені ортаға салғым келіп отыр. Бірінші, Ахаңның Сарытүбек деген жердегі кіндік қаны тамған туған үйін сол жердегі Ақкөл, Қарасу ауылының тұрғындары асар жасап, өз қаражаттарына қалпына келтірген болатын. Бірақ сол үйдің қазіргі қалпы көңіл көншітпейді. Архитектор азаматтар сол Сарытүбектің туристер мен зиярат етушілердің келуіне лайықтап эскиз-макетін дайындап отыр. Бұл – әрине, қаржыны қажет етеді. Сарытүбектің дәл жанында Ахаңның атасы Шошақтың, әкесі Байтұрсынның және анасының зираты тұр. Ол зиратты да ауыл тұрғындары қоршау жасап күтімге алған. Енді осы жерді абаттандырып, Ахаң туған үйді қалпына келтіріп, жанына қонақ күтетін үй мен шағын мұражайы ашылса", - дейді ақын арқалаған аманаттың артындағы ағайын.
Екінші ұсынысында Ахаң туған Сарытүбекті, айдынды Ақкөлді көруге және зиярат етуге келетін халықтың көптігіне байланысты жол мәселесін сөз еткен. "Ақкөл ауылына баратын 100 шақырымдық жол Ахаңның өмір жолы сияқты азапқа толы, - деп ашынған ақын: - Әсіресе, көктем мен күз айларындағы жауын-шашын кезінде жол мүлде езіліп кетеді, ал қыстағы боранда апталап ашылмай жатады. Аудан әкімшілігі қанша қаржы құйғанымен, көтерме жол бетінде асфальты болмағасын жауын-шашында жүруге жарамай қалады. Былтырғы Наурызда Елордадан келген лауазымды кісілерді апарамын деп жарты жолдан батпаққа батып, қайтып келгенмін. Ахаңның 150 жылдығында осы 100 шақырым жолға асфальт төселсе, Ахаңның кіндік қаны тамған үйіне туристер мен зияратшылардың келуіне мол мүмкіндіктер тудырар еді", - дейді.
Осылайша, ол аймақтағы тарихи нысандар мен киелі орындардан бөлек ел ішіндегі туризмнің артуына да өзіндік септігі тиер еді деген үміт отын қозғайды. Егер жол жағдайы жақсарса, Қаратұздағы шипалы су мен Тентексайдағы емдік қасиеті бар ыстық суға да келушілер қарасы артпақ. Сондай-ақ жазба авторы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру керек деген ұсыныс тастап отыр.
"Торғай жұртшылығы да, жалпы Алашшыл зиялы қауым да Ахаңның 150 жылдық мерейтойынан үлкен бір өзгерісті, Осы Жангелдин ауданының есімін Ахаңның атымен атауды күтіп отыр. Әрине, Әліби Жангелдиннің де елеулі еңбегі бар шығар, бірақ салыстырмалы түрде Ахаңның еңбегі басым екендігі дау тудырмайды. Жангелдиннің есімі кеңес заманында насихаттаудан кенде болған жоқ. Қазақстанның қай тұкпіріне барсаңыз да Жангелдиннің атындағы ауыл, жоқ дегенде мектеп пен көше атауын міндетті түрде кездестіресіз. Сондықтан, бұған Әлекеңнің рухы да разы болады деп ойлаймыз", - делінген ақынның жазбасында.
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Әлем • Бүгін, 08:37
Перзент сүймей адамның мейірі қанбас
Қоғам • Бүгін, 08:32
Қайырымды да батыл жандар құрмет төрінде
Қоғам • Бүгін, 08:31
«Сары аймақ» шектеулері өзгертілді
Аймақтар • Бүгін, 08:29
Қоғам • Бүгін, 08:28
Ұқсас жаңалықтар