Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Түркістанда алғаш рет плоггинг марафоны өтті

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ерекшелеу іс-шара ұйымдастырды. Ерекшелігі, біздіңше, плоггинг деген атауында.

Түркістанда алғаш рет плоггинг марафоны өтті

Облыс орталығында «Жастар таза Түркістан үшін!» тақырыбында өткен аймақтық алғашқы плоггинг марафонына қатысушылар алдымен   қаладағы «Жеңіс» саябағына жиналып, аталмыш марафонның тәртібімен танысты.

Белсенді жастар топтарға бөлініп, өздеріне тиесілі аумақтарды жүгіріп өту арқылы қоқыс жинаудан жарысқа қатысты. Плоггинг – қашанда қоршаған ортаны қорғау үдерістерімен байланыста болу дегенді білдіреді, яғни әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал шара.

Биыл өңірде алғаш рет өткен плоггинг марафонына қаладан 40-қа жуық ерікті мен жастар қатысты. Бір сағатта «Жеңіс» саябағынан салмағы 300 келіден 4  қап  қоқыс жиналды. Облыстық жастар орталығының басшысы А. Өміртайдың мәлімдеуінше, марафон тұрақты түрде ұйымдастырылып, облыс көлемінде жалғасын табатын болады.

 

Түркістан облысы