Оқиға • 09 Маусым, 2020

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласының өртке қарсы қызметінің тарихындағы ең ірі өрт оқиғасы 1989 жылдың 20 мамырында орын алған. ІІ Алматы темір жол стансасының кіре беріс жолдарында сұйытылған газ және жиһаз бен бояу тиеген екі тепловоз соқтығысты.

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Өртті сөндіру және төтенше жағдай зардаптарын жоюда 9 өрт сөндіруші қызметтік міндетін орын­дау кезінде көз жұмды. Осы оқиғаның орын алғанына биыл 31 жыл. Қаралы датаға орай, Көк­шетау қаласындағы техни­ка­лық институтта оқу орнының бас­­шылығы, ардагерлер және жеке құрамның қатысуымен қаза бол­ған өрт сөндірушілерді еске алу ке­ші болып өтті. Іс-шараға Көк­шетау қаласы әкімінің орынбасары Елдар Әбуев қатысып, сөз сөйледі. Ерлігімен есте қалған өрт сөндірушілерді еске алу кеші бір минут үнсіздікпен басталды.

Шараны институт бастығы, аза­маттық қорғау полковнигі Сы­рым Шәріпханов ашып жүргізді. Ол өз сөзінде ерліктің ешқашан ұмытылмайтынын, өз қызметтерінің қауіпке толы екендігін айта келіп, жас мамандар үшін алдыңғы тол­қынның адал еңбегі, арлы ісі, тәуе­келге бел байлауы өшпес өнеге бола­тынына тоқталды. Бей­­­­біт күн­нің батырларын еске алып, аруақ­тарына тағзым ете оты­­рып, ер­лерге құрмет көрсету кейін­гі­нің парызы екендігіне тоқ­тала келе, болашақта өз өмірін осы маман­дықпен ұштастырғысы ке­летін жас мамандар үшін де өз ісіне шексіз ілтипатпен қараудың үлгісі болып қалатынын  атап өтті.

Сонымен қатар Ішкі істер ми­нистр­­лігі­нің құрметті ардагері Са­парғали Асыл­беков те сөз сөйлеп, бо­лашақ құт­қарушылардың өз ісіне адал болуы, жүктелген міндетті абыроймен атқаруы керектігін атап өтті.

 

КӨКШЕТАУ