Ақын Жарасқан Әбдіраштың тұңғышы Рүстемге арнаған «Портфель» деген өлеңін жақсы білеміз.
«Жатқызды қыртыс, қырымды,
Жылжыған жылдар өтектеп...
Мектепке тұңғыш ұлымды,
Келемін үнсіз жетектеп» деп басталатын тағылымды тамаша жырды толқымай оқу мүмкін емес. Әрбір сөзі әкелік өсиетке толы әдемі шығарманы зерделеп отырып өзіңнің де әке қолынан ұстап білім ордасына бара жатқан кешегі бала бейнең көз алдыңа келе қалады.

Кез келген ұрпақ ұлы өзендерден сытылып шыққан сызашықтай жеке саға, бөлек арна бойымен өз жолын іздейді. Күре жолдан бөлінген дара соқпақтай өз сүрлеуін қалыптастырады. Өз жолын табуға ұзақ сапарларға аттанады. Бірақ қайда бағыт алса да, қай қиырға жол шексе де, сол өзін өмір мектебіне жетелеп қосқан әке өсиетінен әсте адаспауға тырысады.
Әке де өз кезегінде жолын жалғар ұрпағының ұлағатты болуын қалайды. Ақ парақтай періште пейілдің адаспас темірқазығы өзі екенін сезінген сәттен бастап сол тұлға жеке басын қайта тәрбиелеуге кіріседі. Ағылшындардың «Балаңды тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле» деп кесіп айтуында да өмірдің осы бір құламас қағидасы жатса керек. Ең қызығы, басында «балам өзіме тартса екен» деген әке тілегі бара-бара басқаша сипат ала бастайды. Асқар тау тілегі енді «осы балам неғұрлым өзіме тартпаса екен, мен басқан шоқты баспаса, мен түскен орға түспесе екен» деген тілекке ауады.
Заманының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ұлт әкесі десек әлбетте қателеспес едік. Сол Мұқаң өзінің соңынан ерген қаламгер бауырларына арнап өсиет айтады. Неғұрлым өзіне ұқсамауын тілеп аманат тапсырған жазушы үш жайтқа ерекше тоқталады. Әке тілегіндей әуелгі сөзі «Арақты әу баста ем-дом үшін шығарған. Аздап ішсең – дәру, көп ішсең – у. Ал қатаң ескертерім, темекіге жолама! Адам ағзасын арылмас дертке ұшырататын кесірлі кеселдің ең зияндысы. Бұл бір» деп келеді.
Екінші тілегінде жазушы өте бір баға жетпес құнды заттың уақыт екенін қаперлейді. Және сол құндының ата жауы құмар ойын деп ашық айтады. «Ол немең – уақытыңды ұрлаумен қоса достарыңнан ажырататын зәндемінің өзі. Өйткені ұтылсаң – ақша болмай, бере алмауың мүмкін. Ұтсаң – қолма қол ала алмай, араларың суысып кетуі ғажап емес. Сондықтан қартадан аулақ бол», дейді қаламгер әке!
«Үшіншіден, біздің жасаған қателіктерімізді қайталамаңдар. Жоғары оқу орындарында оқып жүргенімізде қазақ қыздары орталау мектепті де бітірмейтін еді. Содан ба «тең теңімен» дегенге әулекіленіп, «қолымыз жеткеніміз» орыс қызына, одан кейінгілеріміз татарға, басқа ұлт бойжеткендеріне үйлендік. Ұлттың ұлт боп ұйытылуы бесіктен басталарына мән бермеппіз. Ал ұлттың ұлылығын сақтау үшін өз жұртыңның аруымен бас қосудың аса қажеттігін кеш сезіп, сан соғып жүрміз» деп түйеді Әуезов әке!
Былтыр бас басылымның ғасырлық тойына арналған ең қысқа әңгіменің байқауы жарияланып, редакцияға шып-шымыр шедеврлер түсіп жатты. Сол шап-шағын шығармалардың ішінде Ысқақтың Тілегені деген автордың ең қысқа әңгімесі ерекше есімізде қалыпты. Бір ғана сөйлемнен тұратын туынды төмендегідей.
«Қайрылып қараса, баласы ізін басып келе жатыр екен, жүрісін түзеді...». Болды. Шығарманың басы да, аяғы да осы бір ғана тармақта түйінделген. Алайда осынау тас түйін тәмсілдің түбіне үңілсең бір кітапқа жүк болатын үйдей мәселе қордаланып алдыңа төгіледі.
Біз шынымен де ізімізді басып келе жатқан жаңа буынның жолын түзеуге бейілміз бе? Әлде хакім Абай айтқандай:
«Әкесі мен шешесі баланы аңдыр,
О да өзіңдей ит болсын, азғыр-азғыр» деп өзімізден айнымайтын буынға жол нұсқап барамыз ба?
Ұлт – бала, зиялы қауым – әке. Жетектеген балаңыз діттеген мұратына жаңылмай жетуін тілесеңіз, сіз де соңыңыздағы ізге ізгілік нұрын көбірек себуді қадағалаңыз. Айналып келгенде, өзіңізден өте туатын бала тәрбиелеу өзіңізден басқа ешкімнің қолында емес.
Жетегіңіздегі желкілдеген жасқа жауапты адам сіз ғанасыз!
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар