Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Мәселен, бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақыны жалпы сомасы 13 млрд теңгеге 111,5 мың адам, сәуірде 3,7 млрд теңгеге 31,4 мың адам алған. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны орта есеппен 139,9 мың адам алады, оларға 11,9 млрд теңге төленген. Сәуір айында бұл жәрдемақыны 3,1 млрд теңгеге 140,7 мың адам алған екен.
Ал «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақымен орта есеппен 233,9 мың әйел қамтылса, сәуір айында 234,5 мың адамға 4 млрд теңге төленген. 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы ретінде орта есеппен 73,5 млрд теңге 384,9 мың отбасына берілді, сәуір айында 19 млрд теңгеге 396,5 мың адам жәрдемақы алған. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға төленетін жәрдемақыны жалпы сомасы 15,8 млрд теңгеге 88,4 мың адам алып үлгерген, сонымен бірге сәуір айында 90 мың адамға 4,1 млрд теңге төленген.
Айта кететін тағы бір жайт, 18 жастан асқан, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша ай сайынғы жаңа жәрдемақыны орта есеппен 14,4 мың адам алады, оларға 2,6 млрд теңге төленді. 2020 жылы жүктілік және босану үшін біржолғы төлемнің жалпы сомасы 25,9 млрд теңге болса, оны 61,7 мың адам алған. Өткен айда аталған төлемді 4,9 млрд теңге сомасына 9,8 мың адам алған. МӘСҚ-тан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы жүргізіледі. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында оны 31,1 млрд теңгеге 273 мың адам, сәуір айында 7,8 млрд теңгеге 218,4 мың адам алған.