Әдебиет • 09 Маусым, 2020

Хемингуэйдің таңсық шығармасы табылды

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

New Yorker журналы американдық талантты жазушы Эрнест Хемингуэйдің бұрын жарияланбаған әңгімесін басып шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Хемингуэйдің таңсық шығармасы табылды

Осы күнге дейін оқырманға таңсық болған Pursuit As Happiness ("Радости охоты") шығармасын басылымның 2020 жылғы 8 маусымдағы санынан оқуға болады.

Оқиға желісі бойынша бас кейіпкер достарымен бірге алып марлин балығын ұстауға тырысады. Тіпті, кей тұстарын алғаш рет 1952 жылы басылып шыққан "Шал мен теңізге" ұқсатасың. Әңгімені қаламгердің немересі Шон Хемингуэй "Шал мен теңіздің" жаңа басылымын дайындау үстінде тапқан. Автордың түзетулері салынған машинкалық жазба Джон Ф. Кеннедидің кітапханасынан шықты. Шонның пайымдауынша, атасы Хемингуэй бұл шығарманы 1936-1956 жылдары аралығында жазған.

Тақырыпсыз қалған әңгіменің атауын Хэм ағайдың ұлы Патрик қойыпты. Мұндай тақырып "Африканың жасыл төбелері" кітабының 4-бөлімінде де бар. Шон The New Yorker-ге берген сұхбатында бұл атаудың сәтті қойылғанын һәм ол тек балық аулау туралы ғана емес, сол сәттегі түрлі көңіл күйді де беретінін айтты. Шығарма "Шал мен теңіздің" осы жылғы кезекті жаңа басылымына енеді.