Әлем • 09 Маусым, 2020

АҚШ-та наразылық кесірінен вирус жұқтырғандар саны артқан болуы мүмкін

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уашингтон университетінің зерттеушілері Covid-19-дың таралуы мен одан зардап шегуі мүмкін адам санына қатысты болжам жасады.

АҚШ-та наразылық кесірінен вирус жұқтырғандар саны артқан болуы мүмкін

Суретті түсірген Maya Alleruzzo/AP

Зерттеушілер АҚШ-та тамыз айына дейін коронавирустан қайтыс болғандар саны 145 728 адамға жетуі мүмкін деп болжады. Осыған дейін жұмада жариялаған болжамында 140 мыңнан астам адамға жетеді деген еді, алайда өткен аптадағы жағдайды ескере отырып, көз жұмғандар саны 5 мың адамға көбірек болады деп отыр.

Бұл шешімнің нақты себебі анық емес. Десе де бұл хабар Техас штатында вирус жұқтырғандардың күрт өсуімен және 22 штаттағы жағдайдың ушығумен қатар келіп отыр.

Жағдай қиындаған штаттардың қатарында Мичиган мен Аризона бар. Жұқпалы ауруларды зерттейтін мамандар АҚШ-та соңғы күндері Джордж Флойдтың өліміне қатысты болған жаппай ереуілдер вирустың кең тарауына ықпал етуі мүмкін деген пікір білдірді.