Фото: elordainfo.kz
Қазақстан транзиттік хаб ретінде Еуропаны Азия, Ресейді Орталық Азия елдерімен байланыстырып, Каспий аймағы арқылы Қара және Балтық теңіздеріне шығуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан осы артықшылықтарға қарамастан 32 миллион тонна жүк тасымалдаса, ал ұзындығы небәрі 193 шақырым болатын Суэц каналы едәуір жоғары табыс әкелетініне тоқталды.
Депутаттың айтуынша, транзит арқылы экономиканы тежеп отырған себептер:
- Инфрақұрылым, логистиканың халықаралық стандарттарға сай келмеуі;
- Цифрландыру үрдістерінің баяу жүргізілуі;
- Сыбайлас жемқорлық.
Сондай-ақ көрші елдер арасындағы транзиттік теңсіздік те саланың кенжелеуіне әсер етіп отыр.
Мәселен, Қазақстан Өзбекстан арқылы 25-30 есе аз тасымалдайды. Ал көрші ел біздің ел арқылы көбірек тасымалдайды.
«Осы орайда заңды сауал туындайды. Біз неге транзиттік трафиктегі паритетке қол жеткізе алмай отырмыз? «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің құрылысына қаржы халықаралық ұйымдардан тартылғанмен, оны қайтару міндеттемесі біздің елдің бюджетіне түседі. Осы теңсездіктерді жойып, отандық тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасауымыз керек», деді Б.Нажмединов.
Депутат ақылы жолдардың ахуалын айта келе төлем мәселесіне де назар аударды.
«Ақылы жолдарға сараланған тариф енгізу қажет. Бұл тұста көліктердің экологиялық стандарттары ескерілуі тиіс. Осы арқылы тасымалдаушылар паркін жаңартып, мемлекетке түсетін жүктемені азайтуға болады. Жолдардағы экологиялық жағдайды да жақстартуға болады», деді депутат.