"Бұған дейін Алматы әкімдігі крематорийі бар патологоанатомиялық бюроның (мәйітхананың) құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланған еді. Алайда жеткілікті қаржының болмауына байланысты крематорий салу мәселесі кейінге қалдырылды. Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Үкіметтің №187 қаулысымен крематорий құрылысына қаражат бөлу туралы шешім қабылданды",-деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды. Бұдан әрі, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және сараптаманың оң қорытындысын алу шамасына қарай объектіні салу мәселесі қаралатын болады.