Тексеру барысында ауыз судың жетіспеушілігінің себебі сумен жабдықтау жүйесінің нашарлығы және қолданыстағы сорғы стансасы қуаттылығының әлсіздігі екені анықталды.
"Осы мәселені шешу үшін аудан әкімдігі қосымша сорғы стансасы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуде. Алайда, оны салу үшін бюджеттік өтінімді тек 2020 жылдың тамыз-қыркүйек айларында тапсыру жоспарланған болатын", - делінген хабарламада.
Партиялық бақылау комиссиясы осы мәселені қарау барысында келесі шешімді қабылдады:
- Жобалық-сметалық құжаттаманың дайындалуын, құжаттардың сараптамаға берілуін және қаражат бөлуге бюджеттік өтінімді беруді 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін қамтамасыз ету;
- Аталған мәселені дер кезінде шешпегені үшін партия мүшесі - Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Р.Сабировты "ескерту" түріндегі партиялық жауапкершілікке тартуды ұсыну;
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәселені партияның облыстық филиалы ерекше бақылауға алады.