Аймақтар • 09 Маусым, 2020

Ардагерлердің жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесуде

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері, Полиция басқармаларының қызметкерлері мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен құрылған мобильді топ Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл ардагерлерінің үйіне дайын жеке куәліктерін алып барып, заңдастырып берді.

Ардагерлердің жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесуде

Төтенше жағдай режимі кезінде және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 күн ішінде мерзімі өткен немесе өтетін жеке басты куәландыратын құжаттардың республиканың аумағында жарамды деп тану туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №283 қаулысы қабылданды. Осы бағытта Шымкент қаласының Полиция департаментімен жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының Полиция басқармаларының қызметкерлерімен бірлесіп, жүріп-тұруы қиын тұрғындар мен қарттардың үйіне барып, құжаттарын жаңартуға қызмет көрсетуін жалғастырды.

Мәселен, Абай АПБ КҚҚБ-ның инспекторы Н.Ондасинов, Әл-Фараби АПБ КҚҚБ-ның аға инспекторы  Н.Палжигитов, Еңбекші АПБ КҚҚБ-ның инспекторы М.Мейірбеков, Қаратау АПБ КҚҚБ-ның инспекторы Ж.Сауғабаев қаладағы карантин режимі кезінде жеке куәлігінің мерзімі өткен, мүгедек және қарт тұрғындарға көшпелі қызмет түрін көрсетіп, олардың үйіне арнайы барып, жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесті.

Сондай-ақ, Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен құрылған мобильді топ Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл ардагерлерінің үйіне дайын жеке куәліктерін алып барып, заңдастырып берді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, 348 тұрғынға ҚР азаматының жеке куәлігі ресімделіп, дайын құжаттары берілді.