Аймақтар • 09 Маусым, 2020

Қостанайда жолақы төлемі электронды жүйеге көшеді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда қоғамдық көліктерге валидатор орнатылып, жолаушыар жол жүру ақысын электронды түрде төлейтін болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде  өткен жиында айтылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда жолақы төлемі электронды жүйеге көшеді

- Қазір қала әкімдігі мен алматылық Alempay ЖШС және тасымалдаушылар арасында үш тарапты келісім-шарт жасау шаралары жүзеге асып жатыр. Биыл желтоқсан айында қала ішінде жүретін автобустарда жол ақы төлемін толықтай электронды жүйеге ауыстыру жоспарланып отыр, - деді Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов.

Алдағы жылдан бастап жол пұлын электронды түрде төлейтін жолаушылар үшін жол ақысы қазіргідей 80 теңге болып қала бермек. Ал қолма-қол есептескісі келген адамдардан 150 теңге талап етілетін болады.  Мамандардың айтуынша, тариф әлі де өзгеруі мүмкін, әзірге талқылау жұмыстары жүріп жатыр.

 

Қостанай облысы