2012 жылғы 24 желтоқсан, Астана қаласы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (56-шығарылым) бекіту туралы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (56-шығарылым) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (56-шығарылым) бекітілсін.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә.Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Е.Қ.Егембердіге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С.ӘБДЕНОВ.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 494-ө-м бұйрығымен бекітілген
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (56-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (56-шығарылым) «Көрнекті құралдар өндірісі» бөлімінен тұрады.
Жұмыс разрядтары олардың күрделілігіне қарай, әдетте, еңбек жағдайлары ескерілмей белгіленген. Қажет болған жағдайларда еңбек жағдайлары (ауырлығы, зияндылығы және тағы да басқа) тиісті органдар бекіткен, арттырушы тарифтік ставкаларды белгілеу жолымен ескеріледі.
Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.
«Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.
«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды, брактың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатқышты, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.
10. Қызметкердің еңбек кітапшасын толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
11. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары алты разрядтық тарифтік торға сәйкес әзірленген.
12. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да (56-шығарылым) алфавиттік көрсеткіш (қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.
13. «Көрнекті құралдар өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1987 жылғы редакциясында берілген.
2-бөлім. Көрнекті құралдар өндірісі
1. Ботаника бойынша блоктарды дайындаушы
Параграф 1. Ботаника бойынша блоктарды дайындаушы, 4-разряд
14. Жұмыс сипаттамасы:
ботаника бойынша блоктарды тіні тұрпайы өсімдіктерді сусыздандырумен, целлоидинмен және парафинмен қоректендіріп фиксациялай отырып дайындау. Құйма алдында ботаникалық материалдарды іріктеу және өңдеу. Рецепт бойынша фиксаторларды жасау. Жасалған блоктардағы сынама қималарды микроскоппен бақылау.
15. Білуге тиіс:
органикалық және органикалық емес химия мен өсімдіктер анатомиясы жөнінде, жұмыстарды орындауға қажетті көлемдегі негізгі деректерді, целлоидин ерітіндісін, целлоидинді және парафинді блоктарды жасау тәсілдерін, препараттарды құрауды, қолданылатын реактивтер мен фиксаторлардың құрамы мен химиялық қасиеттерін, препаровальдік лупаның, микроскоптың, термостаттың құрылымын, зиянды және улы реактивтермен жұмыс істеу ережесін.
16. Жұмыс үлгілері: бидай дәндері – блок дайындау.
Параграф 2.
Ботаника бойынша блоктарды дайындаушы, 5-разряд
17. Жұмыс сипаттамасы:
ботаника бойынша блоктарды тіні нәзік өсімдіктерді өңдеп фиксациялай отырып дайындау. Тоқыма өсімдіктер мен ағаш бөліктерін мацерациялау. Ботаникалық материалды өңдеу бойынша эксперименталдық жұмыстарды орындау. Өңделетін материалдың нысанына қарай фиксаторларды таңдау және жасау. Дайын блоктардан сынама препараттар әзірлеу. Тапсырыс бойынша препараттар әзірлеу.
18. Білуге тиіс:
өңделетін өсімдіктердің микроскопиялық құрылымын, парафинді және целлоидинді блоктарды микротомада кесу техникасын, микроскопирлеуді, микротом құрылымын.
19. Жұмыс үлгілері:
1) маршанция антеридийі – блоктарды дайындау;
2) вошериялар - фиксациялау, өңдеу.
1. Гистология, цитология, эмбриология бойынша
блоктарды дайындаушы
Параграф 1. Гистология, цитология, эмбриология бойынша
блоктарды дайындаушы, 4-разряд
20. Жұмыс сипаттамасы:
гистология, цитология, эмбриология, патология бойынша қарапайым және күрделілігі орташа блоктарды дайындау. Жануарларды наркотизациялау, ішін жару. Жұқа цитологиялық құрамдар мен жүйке тіні элементтерін күмістеу үшін ыдыс дайындау. Жануарлдардың ішін жаруға құралды әзірлеу. Целлоидин ерітіндісін жасау. Қан, сүйек жұлынын және қабықты препараттарды жағуға слюда әзірлеу. Оңай кесілетін целлоидинді блоктарды микротомада қималарға кесу. Сынама препараттарды түрлі орталарда құрамдау.
21. Білуге тиіс:
органикалық және органикалық емес химия мен препаратталатын жануарлардың анатомиясы жөніндегі негізгі деректерді, жануарларды наркотизациялау және ішін жару тәсілдерін, дайындау, микротомада кесу, микроскопирлеу техникасын, микроскоптың, микротоманың, термостаттың, препаровальдік лупаның құрылымын, зиянды және улы реактивтермен жұмыс істеу ережесін.
22. Жұмыс үлгілері:
1) пигмент жасушалары - өңдеу (цитология);
2) адамның кіндігі - өңдеу (эмбриология);
3) май тіні – мысықтың тінін өңдеу (гистология).
Параграф 2. Гистология, цитология, эмбриология бойынша
блоктарды дайындаушы, 5-разряд
23. Жұмыс сипаттамасы:
гистология, цитология, эмбриология, патология бойынша күрделі блоктарды дайындау. Адамдар мен жануарлардың органдары мен тіндерін, сондай-ақ эмбриологиялық материалды гистологиялық және цитологиялық құрылым тұтастығын баарынша сақтай отырып нәзік препараттау және фиксациялау. Қалыпты және патологиялық ауытқу шегінде алынған адам органдары мен тіндерін дәрігер-патологтармен бірге препараттау. Фиксирленген нысандарды блок дайындау үшін суусыздандыру және оларға целлоидин немесе парафин құю. Күрделі кесілетін блоктарды кесу және сынама препарат қималарын бояу. Жануарларға витальді бояу инъекциялау жолымен тірідей бояу. Қабық препараттар мен жақпаларды дайындау және фиксациялау.
24. Білуге тиіс:
гистология, цитология, эмбриология, адамдар мен препаратталатын жануарлар патологиясы жөнінде, жұмыстарды орындауға қажетті көлемдегі негізгі деректерді, блоктар мен препараттарды дайындау микротехникасын, қолданылатын фиксаторлардың, химиялық реактивтер мен бояулардың құрамы мен химиялық құрамын, гистологиялық препараттарды бояу әдістемесін, гистологиялық материалды өңдеуге арналған автоматтың құрылымын.
25. Жұмыс үлгілері:
1) тауық аллантоисы - өңдеу, фиксациялау, бояу (эмбриология);
2) ит қуығының тегіс жерлері - өңдеу, фиксациялау (гистология);
3) аксолотель бауыры (хондриосомдар) - өңдеу (цитология).
Параграф 3. Гистология, цитология, эмбриология бойынша
блоктарды дайындаушы, 6-разряд
26. Жұмыс сипаттамасы:
гистология мен эмбриология бойынша ерекше күрделі блоктарды дайындау. Адамдар мен жануарлардың органдары мен эмбриологиялық материалды нәзік, ерекше күрделі препараттау жөніндегі экспериментальдік жұмыстарды орындау. Жаппай өндірістің арнаулы шарттары үшін гистологиялық теехника ұсынған әдістерді модификациялау.
27. Білуге тиіс:
адамдар мен препаратталатын жануарлардың анатомиясы мен гистологиялық құрылымы туралы,жұмыстарды орындауға қажетті көлемдегі негізгі деректерді
28. Жұмыс үлгілері:
1) гольджи аппараты - қоян гипофизін өңдеу, фиксациялау, бояу (цитология);
2) дамушы амфибия уылдырықтары - өңдеу (эмбриология);
3) патологиялық органдар;
4) жүйке тіні – мүшелеу және бояу (гистология).
2. Геологиялық үлгілерді дайындаушы
Параграф 1. Геологиялық үлгілерді дайындаушы, 4-разряд
29. Жұмыс сипаттамасы:
табиғи шикізаттан қарапайым және орташа күрделі геологиялық үлгілерді дайындау және жасау. Минерал және кен жынысы кесектерін қолмен уату. Қатпаларды препараттау. Бөлініп қалған бөліктерін арнаулы желіммен жабыстыру.
30. Білуге тиіс:
геологиялық және палеонтологиялық коллекциялардың құрамы мен атауларын, оларға орналастырылатын үлгілергее қойылатын техникалық талаптарды, коллекцияға енетін минералдар және кен жыныстарының ғылыми атауын, түзілу ерекшеліктерін мен физикалық-химиялық қасиеттерін, препаратталатын нысандардыі атауын, олардың түзілу ерекшеліктерін, қолданылатын айлабұйымдар мен құралдарды және оларды пайдалануды, үлгілерді жасаудың жолдары мен тәсілдерін, минералдармен жұмыс істеу ережесін.
31. Жұмыс үлгілері:
Минералдар:
1) бокситтер, темір рудалары, кальцит, тас көмір, кварц, опал, дала шпаты - дайындау және үлгі жасау;
2) өсімдік таңбалары – препараттау;
3) кен жыныстары: ыстық сланец, гранит, әкшелер, мрамор-дайындау және үлгі жасау;
4) моллюск раковиндері – препараттау.
Параграф 2. Геологиялық үлгілерді дайындаушы, 5-разряд
32. Жұмыс сипаттамасы:
табиғи шикізаттан күрделі геологиялық үлгілерді дайындау және жасау. Минерал және кен жынысы кесектерін сынық бетіндегі олардың түзхілу ерекшеліктерін анықтай отырып қолмен және пневматикалық балғамен уату. Минерал және кен жынысы кесу, тегістеу және жылтырату. Шлифтерді жасау. Бағалы кристалдарды, жартылау және қымбат тастарды оқу маққсаттары үшін өңдеу. Нәзік, ұсақ нысандарды лупамен және микроскоппен препараттау. Қатпа қималарын жасау.
33. Білуге тиіс:
көрнекті құралдар үшін минералдар мен қатпаларды өңдеу әдістерін, минералдарды анықтаудың әдістері мен жолдарын, пневматикалық балғаның және тегістеп жылтырату станогының құрылымын, оларды пайдалану ережесін, шлифтер мен жылтыратылған үлгілерді жасау технологиясын.
34. Жұмыс үлгілері:
1) амманиттер – препараттау;
2) минералдар- авгит, берилл, киноварь, корунд, күкірт кристаллдары, малахит, наждак, топаз және тағыда басқа - дайындау және үлгі жасау;
3) кен жыныстары: габбро, диабаз, лабрадорит, порфирит, яшма - дайындау және үлгі жасау;
4) трилобиттер – препараттау.
3. Сүйектерді жинақтаушы
Параграф 1. Сүйектерді жинақтаушы, 5-разряд
35. Жұмыс сипаттамасы:
адамның немесе ірі жанаурдың толық скедетін жинақтау және жиналған сүйектерді дәке қапшықтарға салу. Адамның қолдары мен табанының, ірі жануарлардың жоғарғы және төменгің буындарының препараттарын жасау үшін жекелеген сүйектерді іріктеу. Аюдың, бұғының, маймылдың және басқа да жануарлардың скелеттерін арнаулы тапсырыстар бойынша жинақтау. Түпкілікті өңдегеннен кейін сүйектерді бөлектеу, анатомиялық атласқа және қолда бар бекітілген эталондарға сәйкес арнаулы жәшіктерге салу.
36. Білуге тиіс:
адамның және жануарлардың скелеттерін жинақтау ережесін, анатомиялық атласқа және жалпы зоология курсынаа сәйкес адамның және жануарлар скелеттерінің құрылымын, скелеттердегі сүйектердің атауы мен нысанын, олардың орналасатын жерін.
4. Құрғақ зоопрепараттарды жинақтаушы
Параграф 1.
Құрғақ зоопрепараттарды жинақтаушы, 4-разряд
37. Жұмыс сипаттамасы:
құрғақ зоопрепараттарды жинақтау. Кептірілген жануарларды, өсімдіктерді, қораптарды, плакаттарды, этикеткалар мен коллекциялар мен берілген тақырыптағы құрғақ зоопрепараттарды жинақтауға қажетті басқа да материалдарды жинақтау. Жиналған материалдарды оларды монтаждау үшін қораптарға салу.
38. Білуге тиіс:
энтомологиялық коллекциялар мен құрғақ зоопрепараттардың мазмұны мен атауын, жиналған матераилдардың сапасына қойылатын талаптарды, оларды коллекциялар мен препараттарды жинақтау кезінде қораптарда орналастыруды, аяқ мүшелілердің негізгі топтарын, энтомологиялық коллекциялар мен зоопрепараттарды жасауға пайдаланылатын аяқ мүшелілердің ғылыми атауын, құрылым ерекшеліктерін, дамуын және өмір сүруін.
5. Көрнекті құралдарды бақылаушы
Параграф 1. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 2-разряд
39. Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттарға сәйкес шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді біліктілігі анағұрлым жоғары бақылаушының басшылығымен көзбен немесе қарапайым құралдарды қолдана отырып бақылау. Сынама іріктеу. Шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді сұрыптар немесе түрлері бойынша бракқа шығаруға қатысу.
40. Білуге тиіс:
өнім партиясын қабылдау және ресімдеу ережесін, сынама іріктеу, өлшеу және таңбалау ережесін.
Параграф 2. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 3-разряд
41. Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттарға сәйкес шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді көзбен немесе қарапайым құралдарды қолдана отырып бақылау. Өнімнің, тараның және таңбалаудың мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарт талаптарына сәйкестігі туралы қортынды беру. Материалдар мен өнімді бақылау нәтижелері кәртішкесіне енгізе отырып сұрыптар немесе түрлері бойынша бракқа шығару.
42. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін цех топтары бойынша шикізатқа, жартылай шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптарды, бақыланатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін.
Параграф 3. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 4-разряд
43. Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттарға сәйкес шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді бақылау аспаптары мен лупаны қолдана отырып бақылау. Бақылау журналын жүргізу. Сапасыз өнімге акті ресімдеу. Тұтынушылардың шағымдары мен талаптарын қарауға қатысу.
44. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін цех топтары бойынша шикізатқа, жартылай шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптарды, технологияны, жөнелтілетін партияларды бақылау және ресімдеу тәртібі туралы нұсқаулықты, іріктеу өткізу әдістемесін.
Параграф 4. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 5-разряд
45. Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттарға сәйкес шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді шамалы үлкейтетін микроскоптар мен күрделі өлшеу аспаптарын қолдана отырып бақылау. Жекелеген ұсақ сынық нысандарды шамалы қалпына келтіру және бракқа шығарылғандарын ауыстыру. Біліктілігі төмен бақылаушылардың жұмысына басшылық жасау.
46. Білуге тиіс:
көрнекті құралдар өндірісі технологиясын, брак түрлерін және оларды жою тәсілдерін, гистологияның, эмбриологияның, зоологияның, геологияның және тағыда басқа ғылымдардың тиісті бөлімдерін шығарылатын құралдар номенклатурасы көлемінде, микроскоптың құрымы мен жұмыс істеу принципін.
47. Жұмыс үлгілері:
Микропрепараттарды бақылау:
1) маршанция архегониясы;
2) атеросклеротикалық нефроцирроз;
3) малярия плацмодиті.
Зоология бойынша жиынтықтарды бақылау:
4) бақ зиянкестері;
5) бақша зиянкестері;
6) кодоскопқа арналған диапозитивтер.
Параграф 5. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 6-разряд
48. Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттарға сәйкес шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді көп үлкейтетін микроскоптардың көмегімен бақылау. биологиялық нысандар қатарының қалыпты даму сатыларын (онтогенезді) анықтау және іріктеу. Арнаулы тапсырыстар бойынша және экспортқа арналған көрнекті құралдарды бақылау.
49. Білуге тиіс:
цитологияны, генетиканы, микробиологияны, жеке даму биологисын шығғарылатын препараттар номенклатурасы көлемінде, аса нәзік цитологиялық құрыымдарды анықтау технологиясын, митотикалық хромосомдарды (кариотиптерді) зерттеуге арналған генетика жөніндегі препараттарды әзілеу әдістемесін, дрозофилдердің мутация түрлерін. Экспорттық орындауға арналған көрнекті құралдарды дайындау технологиясын және иехникалық шарттарын.
50. Жұмыс үлгілері:
Преапарттарды таңдау, анықтау және бақылау:
1) аскарида, жетілу бөлігінің екінші айналымы, пронуклеустар;
2) балапан, хордальдік өсім.
Бақылау:
3) гольджи аппараты;
4) крепис карнотиптері;
5) фридлендер таяқшасы.
6. Глобустарды лактаушы
Параграф 1. Глобустарды лактаушы, 2-разряд
51. Жұмыс сипаттамасы:
глобустарды алдын ала тегістей отырып лакпен қолмен лактау. Қажеттің құрылым мен тұтқырлықтағы лакты дайындау.
52. Білуге тиіс:
лактаудың жолдары мен тәсілдерін, грунтовканың рецептурасы мен жасау тәсілдерін, қолданылатын материалдар мен оларға қойылатын талаптарды, еріткіштерді сақтау ережесін.
8. Мацератор
Параграф 1. Мацератор, 4-разряд
53. Жұмыс сипаттамасы:
сүйектерді және сүйектің ішкі беттерін жұлыннан және майдан сумен жуу. Кептіру шкафында дұрыс режім мен қажетті ауа ағындарын белгілеу. Жануарлардың түріне қарай шкафтың өткізу қабілетін ескере отырып, сүйектерді кептіру шкафындағы щиттер мен бикстерге қою. Кептіру режимінің дұрыстығы мен сүйектің осал бөліктерінің: қабырғаларының, құйрығының, буындарының сақталуы мақсатымен сүйек сапасын қадағалау. Сілті ерітінділерін жасау.
54. Білуге тиіс:
ұсақ жануарлар скелетінің құрылымын орындалатын жұмыс көемінде, сүйектерді кептіру техникасын, электр қыздырғы мен кептіру шкафындағы желдеткіш қондырғыларының құрылымын, аспаптар бойынша түрлі сүйектерді кептіруге арналған қажетті температураны.
55. Жұмыс үлгілері:
Жуу және кептіру:
1) мысықтар;
2) қояндар;
3) бақалар.
Параграф 2. Мацератор, 5-разряд
56. Жұмыс сипаттамасы:
ұсақ жануарлардың скелеттерін мацерациялау және мусыздандыру. жұлын мен майды кетіру үшін бұрғылау және ұсақ трубалы және пластиналы сүйектерді сумен шаю. Автоклавтардағы майсыздандыру процесін реттеу.
57. Білуге тиіс:
майсыздандыру кезінде қолданылатын бензиннің маркасын, скелеттерді безнинге салудың кезектілігі мен болу мерзімдерін, майсыздандырылған сүйектердің дайындық дәрежесі мен сапасын, автоклавтарды реттеуді, моторды, насосты және тарту құрылғыларын пайдалану ережесін, өртке қарсы шаралар кешенін және бензин, бензол буынан қорғануды.
58. Жұмыс үлгілері:
Мацерациялау және сусыздандыру:
1) мысықтар;
2) қояндар;
3) көртышқандар;
4) бақалар;
5) құстар.
Параграф 3. Мацератор, 6-разряд
59. Жұмыс сипаттаммасы:
ірі жануарлар мен адамның скелеттерін мацерациялау, сусыздандыру. Қансыздандырылған сүйекті мацерециялау ыдысына салу және су толтыру. Электр ұқыздырманы қосу және қыздыру температурасын реттеу. Мацерациялау процесін қадағалау. Ыдыстан мацерациялау сұйығы мен майды кетіру. Жекелеген сүйектерден сіңір қалдықтары мен байламдарды тазарту. Ірі сүйекттерді етсу және майсыздандыру. Технологияға сәйкес ағартушы сұйықты жасау және оған скелеттің майсыздандырылған сүйектерін салу. Ағарту процесін қадағалау. Сүйектерді ағартқаннан кейін жуу және кептіру. Ірі жануарлар мен адамның скелеттерін іріктеу және жинақтау. Адамдар мен жануарлардың органдары мен тіндерін, сондай-ақ эмбриологиялық материалды гистологиялық және цитологиялық құрылым тұтастығын баарынша сақтай отырып нәзік препараттау және фиксациялау. Қалыпты және патологиялық ауытқу шегінде алынған адам органдары мен тіндерін дәрігер-патологтармен бірге препараттау. Фиксирленген нысандарды блок дайындау үшін суусыздандыру. Көрнекті құралдар шығаруға жарамдылығын ескере отырып сүйектерді іріктеу.
60. Білуге тиіс:
мацерациялаушы ерітінділердің құорамын, қасиететрін және оларды жасау тәсілдерін, скелеттердің түріне қарай олардың қонцентрациясын, шиикізаттың түріне, жануардың жасына және ерекшеліктеріне қарай сүйектерді химиялық өңдеу мерзімдерін, мацерациялаудың химиялық және биологиялық тәсілдерін, скелеттегі патологиялық ауытқуларды, сүйекті мацерациялауға арналған аппаратураның құрылымын және реттеуді, зиянжы және улы реактивтермен жұмыс істеу ережесін, адам мен жануарлар скелетін жасау үшін мәйіт материалын өңдеу технологисын, бензин буынан және басқа да улайтын заттардан қорғану тәсілдерін.
61. Жұмыс үлгілері:
1) қойдың, шошқаның, сиырдың скелеттері – мацерациялау;
2) адамның скелеттері – мацерациялау;
3) мысықтың, қпянның, көртышқанның скелеттері – ағарту.
9. Көрнекті құралдарды үлгілеуші
Параграф 1. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 1-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан қарапайым үлгілерді жасау, біліктілігі анағұрлым жоғары үлгілеушінің басшылығымен 2-3 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын нысан бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Қалыптарың жұмысшы беттерін майлау. Қалыпқа желім-гипс массасын жағу. Мастиканы тегістеп жазу және қалыптарға салу. Үлгіге қағазды қабаттап жапсыру. Бір колерлі пластикалық массаларды жасауға қатысу және оларды қалыпқа салу. Үлгінің бөліктерін құрастыру және желімдеу. Желімелген жерлердегі жіктерді алу және тегістеу. Бұйым бетіндегі құйма ақауларын жою. Модульдерді қолмен терілендіру. Үлгілерді түрлі станоктар мен айлабұйымдарда өңдеу.
63. Білуге тиіс:
үлгі жасауға қолданылатын материалдардың атауын, жіктерді тегістеу мен үлгі беттерін тазарту жолдарын.
Параграф 2. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 2-разряд
64. Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан қарапайым үлгілерді жасау, 2-3 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын нысан бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Бір колерлі пластикалық массаларды жасауға қатысу және оларды қалыпқа салу. Үлгінің бөліктерін құрастыру және желімдеу. Желімелген жерлердегі жіктерді алу және тегістеу. Бұйым бетіндегі құйма ақауларрын жою. Модульдерді қолмен терілендіру. Үлгілерді түрлі станоктар мен айлабұйымдарда өңдеу. Лак пен желім жасау. Үлгіні лакпен жабу.
65. Білуге тиіс:
қарапайым үлгілерді жасау жолдарын, қолданылатын материалдардың, құралдардың нысанын, жасалатын құралдардың атауларын, қарапайым үлгілерді илеп жасаудың, қысымдап шығарудың, құюдың техникасын, үлгіге қағаз қабаттарын жапсыруды, зиянды заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын.
66. Жұмыс үлгілері:
Папье-машеден және мастикадан үлгі жасау:
1) солитер ұштары;
2) адам өкпесінің сегменттері;
3) қылқалам топографиясы.
Параграф 3. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 3-разряд
67. Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан күрделілігі орташа үлгілерді жасау, 4-6 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын қалып бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Оларды қалыпқа кезекпен сала отырып 2 тондағы пластикалық масаларды жасау. Үлгілерге күрделі емес арматура мен фурнитура орнату. Үлгі бөліктерін құрастыру және желімдеу. Берілген рецептура бойынша мастика, левкас пен клейстер жасау.
68. Білуге тиіс:
күрделілігі орташа үлгілерді жасау жолдарын, желім-гипс массасы мен мастиканың температуралық режімін, пластмассаны қалыптарға құю техникасын, рельефтердің үлгіге түсіру тәсілдерін, 2 тонды пластмассаларды жасау рецептурасын, үзік қалыптарды құрастыру мен бөлшектеу кезектілігін, құрастырмалы үлгілердің жиынтығын және оларды бекіту тәртібін.
69. Жұмыс үлгілері:
Үлгілерді жасау:
1) ішкі секреция бездерін;
2) адамның бас миы;
3) ымдау еттері;
4) тізе буыны.
Параграф 4. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 4-разряд
70. Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан, латекстен, балауыздан, парафиннен, церезиннен күрделі үлгілерді жасау. 7-8 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын қалып бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Қалыпқа кезекпен сала отырып 2-тоннан жоғары пластикалық масса колерін жасау. Латекс қоспасына компоненттер дайындау. Балауыздан, парафиннен, церезиннен және бояушы заттардан масса жасау. Сүйек негізін құрау және оған балауыз массасынан жасалған жекелеген бұлшық еттер мен органдарды бекіту. Бөлшектерді жетілдіру, желімдеу және ыңғайлау. Үлгілерді құрастыру және бекіту. Үлгілердегі рельеф дәлсіздігін жою. Аспалы тамырлар мен жүйкелерді түсіру. Мастика, левкас, клейстер жасау үшін матераилдарды дозалау. Массаны дайындау процесінің жүргізілуін қадағалау және олардың дайындығын анықтау.
71. Білуге тиіс:
күрделі үлгілерді жасау жолдарын, латекс қоспасына арналған дисперсия, эмульсия мен пасталарды жасау рецептурасын, балауыз массасын жасау рецептурасын, препарат негізіне арналған сүйектерді байлаамдау мен бекіту тәсілдерін, қолданылатын материалдардың химиялық және физикалық қасиеттерін, үлгі жинақтарын және құрастырмалы бөлшектер құлпы жүйесін қабылдау, мастика жасау техникасын, адам органдарының анатомиялық құрылымын орнындалатын жұмыс шегінде.
72. Жұмыс үлгілері:
Үлгілерді жасау:
1) ішкі құймаларға арналған фантом қоспалары;
2) тыныс органдары;
3) жүрек, бөлшектенетін үлгі;
4) омыртқа жотасы;
5) жаңа туған сәбидің өкпе топографиясы.
Параграф 5. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 5-разряд
73. Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан, латекстен, балауыздан, парафиннен, церезиннен аса күрделі үлгілерді жасау. Көп бөлікті ерекше күрделі терең рельефті үлгілерді дайын қалып бойынша илеп жасау, қысымдап шығару немесе құю. Латекс қабатын түсіру және үлгі-фантомдарды толық құрастыру. Кемік затты көрсетуге үшін табиғи сүйенкті жару немесе джасанды сүйек кемігін қолдан жасау. Күрделі арматура мен фурнитураны орнату. Күрделі рельефтерді қоас отырып, алмалы бөлшектерді желімдеу және жеткеру. Үлгілерді көркем суреттеуге мүсіндеп өңдеу. Термостаттардағы, кептіру шкафтарындағы температура режимін реттеу. Біліктілігі төмен үлгілеушілердің жұмысына басшылық жасау.
74. Білуге тиіс:
ерекше күрделі көп бөлшекті үлгілерді жасаудың жолдары мен тәсілдерін және олардың құрылымдық ерекшеліктерін, қолданылатын массалрдың рецептурасы мен технологиялық режімін, үлгілерді құрастыру техникасын, ерекше күрделі үлгілердің құрастырмалы бөлшектері құлпын жасау және оларды мүсіндеп өңдеу, қолданылатын материалдардың ерекшіліктерін.
75. Жұмыс үлгілері:
Үлгілерді жасау:
1) кемік зат венасы;
2) бас сүйектің ішкі және сыртқы негізі;
3) төменгі буын топографиясы;
4) торс, бөлшекті үлгі.
Параграф 6. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 6-разряд
76. Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан, латекстен, балауыздан бастапқы үлгі-эталондарды, ерекше күрделі анатомиялық үлгілерді анатомия атласы, табиғи препараттар бойынша және ғалымдардың консультациясымен жасау. Көп бөлшекті ерекше күрделі бірегей үлгілерді арнаулы тапсырыс бойынша және экспортқа арнап құю. Үлгіні белгілеу және мүшелеп бөлу. Жаңа үлгілерге жұмыс эскиздерін жасау.
77. Білуге тиіс:
тіннің, адам органдары мен жүйесінің анатомиялық құрылымын орындалатын жұмыс шегінде, қолданылатын материалдардың химиялық және физикалық қасиеттерін, үлгілерді бөліктерге бөлшектеу жолдарын, күрделі анатомиялық үлгілерді илеп жасау, қысымдап шығару және құю техникасын, оларды мүсіндеп өңдеуді.
10. Ылғалды препараттарды құрастырушы
Параграф 1. Ылғалды препараттарды құрастырушы,
2-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым және күрделілігі орташа нысандарды біліктілігі анағұрлым жоғары құраушының басшылығымен құрастыру. Цилиндрлерді дайындау, дайындалатын препарттарға арналған этикеткаларды, нөмірлер мен экспликацияларды кесу, оларды шыны пластинкаларға жапсыру. Нысандарды жіппен немесе лескамен тігу және шыны пластинкаларға жапсыру. Пластинканы нысанмен бірге цилиндрге орналастыру және оны консервілейтін ерітіндімен толтыру. Құралдарды жұмысқа дайындау.
79. Білуге тиіс:
қарапайым және күрделілігі орташа нысандарды құрастыруды және олардың сыртқы түрлерін, улы бездері бар жануарлармен жұмыс істеу ережесін, жануарларды жансыздандыруға арналған зиянды заттармен жұмыс істеу ережесін, нысандарды құрастыру кезінде қолданылатын материалдардың нысанын.
Параграф 2.
Ылғалды препараттарды құрастырушы, 3-разряд
80. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым және күрделілігі орташа нысандарды құрастыру. Цилиндрлерді дайындау, этикеткаларды, нөмірлер мен экспликацияларды кесу, оларды шыны пластинкаларға жапсыру. Адамның препаратталған органдарын тазалау. Нысандарды жіппен немесе лескамен тігу және шыны пластинкаларға жапсыру. Нысанды қажетті жағдайға келтіру, кспликацияға сәйкес нысандарға нөмірлерді жапсыру. Консервілейтін ерітіндіні дайындау. Приготовление консервирующих растворов. Пластинканы нысанмен бірге цилиндрге орналастыру және оны консервілейтін ерітіндімен толтыру. Желім дайындау. Сүзгілерді дайындау және консервілейтін ерітіндіні сүзу. Шыны кружкаларды қыздыру және оларды цилиндрге жапсыру. Цилиндрлерді герметикалық буып-түю. Цилиндрлерді кептіруге қою. Цилиндрлердің ақпауын тексеру. Цилиндрлердің үстін және жиектерін қара лакпен бояу. Цилиндрлерді сүрту. ОТК, фирмалық және температура этикеткаларын жапсыру.
81. Білуге тиіс:
қарапайым және күрделілігі орташа нысандарды құрастыру техникасын, адам анатомисы мен құрастырылатын нысанның ішкі құрылымын, арнаулы желімді жасау рецептурасын, консервілейтін ерітіндіні сүзу техникасын, цилиндрлерді герметикалық буып-түю ережесін.
82. Жұмыс үлгілері:
Құрастыру:
1) губка-бадягалар;
2) медициналық сүліктер;
3) бүйрек – фронтальдік кесу;
4) таңдай сіңірлері мен байламдары.
Параграф 3.
Ылғалды препараттарды құрастырушы, 4-разряд
83. Жұмыс сипаттамасы:
паразитология, іш құрылысы, тыныс және ас қорыту органдары, зәр-жыныс жүйесі, эмбриология, ішкі секреция бездері бөлімдерінен күрделі нысандарды құрастыру, адамның препаратталған және тазартылған органдары, табиғи бояуы сақталған ботаникалық нысандары. Адамның жекелеген органдарын, жануарлар мен өсімдіктерді тіркеу. Қабат тығындарын іріктеу және жару. Жарылған тығындарынды пластинкаларға кесу. Шыны пластикаларды бекітілген нысандарымен және цидиндрлерді шөгіндіден жуу. Нысандарға жапсырылған нөмірлер мен экспликациялардың болуын және сапасын тексеру. Жуылған препараттарды цилиндрге салу және оны тығынды пластинка көмегімен бекітіп, консервілеуші ерітіндімен толтыру. Цилиндр жиектерін сүзгі қағазбен кептіру және оларды жабу.
84. Білуге тиіс:
күрделі нысандарды құрастыру техникасын, фильтрмен және компрессормен жұмыс істеу ережесін, анатомиялық цилиндрлерді желімдеп жабу техникасын.
85. Жұмыс үлгілері:
Құрастыру:
1) қынап, жатыр, жатыр түтіктері мен аналық бездері;
2) бауыр қос езулігі және оның аралығы;
3) бас миы (негізі, таламиялық бөлігі);
4) бөлме шыбыны (дамуы);
5) бүйректар (іші ашылған, қан тамырларымен);
6) өзен шаяны (іш құрылысы).
Параграф 4.
Ылғалды препараттарды құрастырушы, 5-разряд
86. Жұмыс сипаттамасы:
паразитология мен гельминтология, артериалдық, вена, жүйке және зәр-жыныс жүйесі, ұқсастық бойынша, жаңа туған нәресте мәйітінің препаратталған және түпкілікті жуылған органдарынан ерекше күрделі нысандарды құрастыру. Бас миын бояу үшін бояу ерітіндісін дайындау. Біліктілігі төмен құрастырушының жұмысына басшылық ету.
87. Білуге тиіс:
ерекше күрделі нысандарды құрастыру техникасын, адамның және құрастырылатын барлық жануарлардың анатомиясын, анатомиялық, зоологиялық және ботаникалық нысандардың табиғи бояуын қалпына келтіру және сақтау техникасын.
88. Жұмыс үлгілері:
Құрастыру:
1) аскаридалар;
2) өгіздің көзі;
3) 7-8 айлық ұрық бездері;
4) мысықтың боялған миы;
5) нәрестенің артериалдық жүйесі;
6) балық – дамуы.
11. Сүйек препараттарды құрастырушы
Параграф 1. Сүйек препараттарды құрастырушы, 2-разряд
89. Жұмыс сипаттамасы:
адамның және ірі жануарлардың жекелеген табиғи және жасанды сүйектерінен жасалған қарапайым препараттарды тұғырда құрастыру. Планшеттер мен тұғырларды іріктеу, пружина, бекітпе фурнитура жасау. Түрлі консистенциядағы акрил және басқа да желімдерді жасау. Сүйектің сынуына байланысты ақауларды желім арқылы жою.
90. Білуге тиіс:
қарапайым препараттарды құрастыру техникасын, адамның және ірі жануарлар скелеттерінің жекелеген сүйектерінің атауын, қолданылатын материалдарды, инструменттерді, сүйекті бұрғылау, пружина, бекітпе фурнитура жасау жолдарын.
91. Жұмыс үлгілері:
1) шүйде сүйектері;
2) негізгі сүйектер.
Параграф 2. Сүйек препараттарды құрастырушы, 3-разряд
92. Жұмыс сипаттамасы:
адамның және ірі жануарлардың жекелеген табиғи және жасанды сүйектерінен күрделілігі орташа препараттарды тұғырға құрастыру. Сүйек препаратын шабақтау үшін белгілі бір нүктелерде сүйекті тесу. Адамның және ірі жануарлардың трубалы сүйектері мен омыртқасын арамен кесу. Кесінділерді планшеттерге белгілі бір тәртіппен жапсыру. Канифоль, ацетон, толуол, арнаулы желім қоспаларын жасау.
93. Білуге тиіс:
күрделілігі орташа нысандарды құрастыру техникасын, сүйекті арамен кесу жолдарын, материалдардың физикалық қасиеттерін.
94. Жұмыс үлгілері:
Құрастыру:
1) қабырға доғасы;
2) құйымшақты сегізкөз;
3) эмбрион, жаңа туған нәресте скелеттері.
Параграф 3. Сүйек препараттарды құрастырушы, 4-разряд
95. Жұмыс сипаттамасы:
адамның және ірі жануарлардың жекелеген табиғи және жасанды сүйектерінен күрделі препараттарды пружинаға және бекітпе фурнитураға құрастыру. Түзетілген ақауларды тазарту. Адам скелеті сүйектерінің толық жиынтығын жинақтау. Адамның жекелеген сүйектеріндегі бұлшық еттің жабысу жерлерін бояумен көрсету. Адамның буындарының айналу осьтерін анықтау және оларды бекіту. Ірі жануарлардың бас сүйегін сагиттальдік кесу. Сүйектерді тесу. Препаратты жинақтау және құрастыру.
96. Білуге тиіс:
күрделі нысандарды құрастыру техникасын, адамның және ірі жануарлар скелетінің құрылымын, сүйектеріндегі бұлшық еттің жабысу жерлерін, пластмассадан жасалған сүйектерді өңдеу тәсілдерін, экспликацияға сәйкес нөмірлерді жапсыру техникасын.
97. Жұмыс үлгілері:
Құрастыру:
1) сиырдың және жылқының буындары;
2) буындардың айналу осьтері;
3) адамның табан және қол скелеті;
4) бұлшық еттің жабысу жерлері көрсетілген адамның жақ сүйегі.
Параграф 4. Сүйек препараттарды құрастырушы, 5-разряд
98. Жұмыс сипаттамасы:
адамның және ірі жануарлардың жекелеген табиғи және жасанды сүйектерінен ерекше күрделі препараттарды, бас сүйекті бояп, тамырларын салып және ішкі құрылысын көрсете отырып құрастыру. Адамның және ірі жануарлардың жамбас сүйектерін сагиттальдік кесу. Номенклатурада көзделмеген жануарлардың: бұланның, маймылдың, зебрдың, шибөрінің және тағыда басқа скелеттерін арнаулы тапсырыс бойынша жасау. Скелеттерге табиғи поза беру. Омыртқа жотасын, жамбасты, қабырғамен қоса кеуде сүйек шеміршегін жапсыру және байламдау.
99. Білуге тиіс:
ерекше күрделі