Жиынға Атырау облысының әкімі М.Ж. Досмұхамбетов, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері және "Зерде" холдингінің, "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының, облыстық әкімдіктің құрылымдық басшылары қатысты.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Абылханов білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, көлік және әлеуметтік салаларды цифрландыру нәтижелерін баяндады. Сондай-ақ жиын қатысушыларына Атырау қаласында іске асырылған бірқатар жобалар мен экономиканың даму қарқынын жеделдетуге және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды ұсынды.
Мысалы, білім беру саласы бойынша 196 жалпы білім беретін мектеп 13 мың компьютерлік техникамен жабдықталған, ал интернетке қолжетімділік 97,9% - ды құрайды.
Жолаушылар тасымалы мен электронды билеттерді бақылау жүйесіне 150 миллионнан астам теңге жұмсалған. Еңгізілген жүйе көлеңкелі айналымнан қолма-қол ақшаның 80% алуға мүмкіндік берді.
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жобарлары: аурухана жүйелерін интеграциялау, дәрі-дәрмектердің бағаларын тексеруге арналған мобильді қосымша, денсаулық сақтау паспорттары, цифрландыру құралдары және т.б. аталып өтілді.
Өз кезегінде "Зерде" Холдингісінің басшысы А.Анисимов Е-стандартты құруды ұсынып, "Ақылды қала" эталон стандартын енгізу бойынша Холдингтің жүргізген ішкі рейтінгісінде Атырау қаласы 5 орында екенін атап өтіп, азаматтардың өмірі үшін қауіпсіздік пен қолайлы жағдай жасау, қалалық инфрақұрылым мен көлікті басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға басты назар аударуды сұрады.
Бұнымен қоса, "Ақылды қала" эталонының басқа да бағыттар бойынша ұсыныстар берілді. Олардың бірі қаланы басқару компоненті.
"Қаланы басқаруға келетін болсақ, мұнда біз бірыңғай байланыс орталығын, цифрлық сервистерді қолдана отырып, өтініштерді тұрақты талдауды қамтамасыз етуге баса назар аударамыз", - деді "Зерде" холдингінің басшысы.
Әкімдік ағымдағы жылдың қыркүйегінде "Коркем Телеком" ЖШС мемлекеттік жеке әріптестік негізінде Атырау қаласында бейне бақылау жобасын іске қосуды жоспарлауда. Аталағн жоба фото-бейнетүсірілім және бейнеаналитиканың эксплутациялық жүйесінің көмегімен жолдардағы апаттылық 20% - ға төмендейді деп болжануда.
Жиын қорытындысы бойынша А.Жұмағалиев қатысушыларға алғысын білдіріп, "Smart City" жобасын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізуді ұсынды.