05 Қазан, 2013

Мысырда «Мұсылман бауырлар» тұрғындармен қақтығысып қалды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05 10 - Musulman bauirlarКеше Мысыр астанасы Каирде жергілікті тұрғындар мен «Мұсылман бауырлардың» жақтаушылары арасында қақтығыс болды. Бұл туралы Мысыр денсаулық сақтау министрлігінің ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Қақтығыс кезінде 4 адам қаза тапты. «Аль-Ахрам» газеті жазғандай, жалпы елде орын алған тәртіпсіздіктен 140 адам жарақат алған.

«Мұсылман бауырлар» қозғалысының жақтаушылары жұма намазынан шығып, Мысыр астанасы мен провинцияларында елдің жаңа билігіне қарсы наразылық шеруін ұйымдастырды. Алайда, оларға жергілікті тұрғындар қарсылық білдіріп, оның арты қарулы қақтығысқа ұласып кетті.

Айдар Өрісбаев.