Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Ауылдың аты Автобаза...

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудан орталығына қарасты Автобаза деп аталатын шағын ауылда 400-ден астам адам тұрады.

Ауылдың аты Автобаза...

Аудан әкімдігінің мәліметінше, биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша мұндағы су құбыры күрделі жөндеуден өтіп, 107 үйге ауыз су жеткізіліпті.

Су құбыры құрылысының қайта қалыпқа келуіне республикалық бюджеттен 118,8 миллион теңге, облыстық бюджеттен 13,2 миллион теңге бөлініпті.

Әрине тұрғындар қуанышты. Мемле­кеттік бағдарламалар шағын ауыл­дарға да жете бастады. Автобазалықтарға да аз қаражат бөлінген жоқ. Бұл әрине құптарлық жағдай. Бірақ осы ауылдың аты құлаққа ерсілеу естілмей ме?

Оңтүстікке барып, солтүстікке қоныс аударушыларға «Автобазаға көшіп келі­ңіздер» десек қазақтығының қаймағы бұ­зыл­маған ағайындар түсінбей қалуы мүмкін ғой.

Сондай-ақ Автобазаға «жалғасқан» Баш­мачное, Веселая Роща, Лесной, Ми­хайлов, Новомир, Озерный, Иртышск секілді ауылдық аумақ атаулары да өзгерту­ге сұранып тұрғаны талассыз. Жер­гілікті биліктің осы төңіректе ойланған­дары жөн шығар.

 

Павлодар облысы,

Железин ауданы

 

Соңғы жаңалықтар