05 Қазан, 2013

Оңтүстікте әйел зорлағысы келген азғынның басы жарылды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05 10 -tyurmaОңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында анасын зорлағысы келген азғынның басын қызы жарып тастады. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

32 жастағы Ордабасы ауданының тұрғыны тонау мақсатымен тұрғын үйге кірген. Қолына ұстаған телевизорды аздық етеді де, ұйықтап жатқан әйелді қорқытып жасырған құнды бұйымдарын беруін талап еткен. Қарсылық көрсеткен әйелді зорламақшы болған сәтінде, келесі бөлмедегі қызы қолындағы орындықпен оның басынан ұрады. Тұра қашқан азғынды жарты жолда құқық қорғау қызметкерлері ұстап алған. Артынан мәлім болғанындай,бұрын қыз зорламақ болғаны үшін сотталған екен. Қазір ол қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Бақытбек Кенешұлы.