Жамбыл облысыТараз қаласының аумағына егілген мыңдаған көшеттер қурап қалды. Бұл туралы Meta.kzхабарлады.
Жалпы Тараз қаласы төңірегін көгалдандыруға 100 млн. теңге бөлінген екен. Осы қаражатқа алынған 7 мың көшетті Алматы қаласындағы «Жасыл әлем нұры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі отырғызған. Алайда, олар жас көшеттерге күтім жасамауы себепті жартысы қурап кеткен. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Серік Қойбақовтың мәлімдеуінше, «Жасыл әлем нұры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбеккерлері өздері еккен көшеттерді 2 жыл бойы күтімге алуды міндетіне алған екен. Енді серіктестік қаражатына қайтадан жаңа ағаштар отырғызылатын болып ұйғарылды.
Бақытбек Кенешұлы.