05 Қазан, 2013

Бүгін Мәскеу рингінде Кличко мен Поветкин шайқасады

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

05-10-13-klichko-povetkin-1

Бүгін, 5 қазан күні Мәскеудегі «Олимпийский» спорт сарайында ауыр салмақтағы боксшылар, орыс Александр Поветкин мен украин Владимир Кличконың арасында көптен күткен шайқас өтеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Аталып отырған екі былғары қолғап шеберінен бөлек, тағы 4 жұптың арасында жекпе-жектер өтетін бұл күнгі бокс кеші жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады. Бұған дейін бұл боксшылар арасында белгіленген шайқастар екі рет өтпей қалған болатын. Алайда, биылғы жылғы сәуірдің соңында «Хрюнов промоушенз» промоутерлік компаниясы бизнесмен Андрей Рябинскийдің қатысуымен өткен жекпе-жекті өткізу құқығын алу саудасында бұл үшін 23 млн. 233 мың 330 доллар ұсынып, жеңіп шықты. Ал 17 мамырда Поветкин поляк Анджей Вавжикті ұтқаннан кейін, Ресей боксшысының менеджері Владимир Хрюнов ұрыстың мерзімін 5 қазан деп белгіледі. Сосын Поветкин мен Кличконың арасындағы келісімшарт 30 маусымнан 1 шілдеге қараған түні жасалды.

Кеше олардың салмақтары өлшенді. Поветкин Кличкодан жеңілдеу болып шықты. Поветкиннің салмағы - 102,4 килограмм, ал Кличконың салмағы 109,6 килограмм тартты.

Жекпе-жекті Ресейдің «Бірінші арнасы» тікелей эфирден.

37 жастағы Владимир Кличко WBA (Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы) нұсқасы бойынша «суперчемпион» атағын, сондай-ақ WBO (Бүкіләлемдік бокс ұйымы) және IBF (Халықаралық бокс федерациясы) чемпиондары атағын қорғайды. 34 жастағы Александр Поветкин WBA чемпионы белбеуінің иегері.

Владимир Кличко 63 ұрыс өткізді, 60 рет (51-і нокаутпен) жеңіске жетті, үш рет қана жеңілді. Александр Поветкин барлық өткізген 26 жекпе-жегінде (оның 18-і - нокаутпен) жеңіске жетті.

Руслан Игілік.

 

SP. Сіздердің ойларыңызша, кім жеңеді? Мен Владимир Кличконың ұрыстың соңына жеткізбей-ақ аяқтайтынына сенімдімін. Оған қарағанда жастау болғанымен, Александр Поветкин бостау көрінеді. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Жазып жіберіңіздер.Жариялаймыз.