Әлем • 10 Маусым, 2020

60 жылда болмаған құбылыс - әлем экономикасы дағдарысқа ұшырауы мүмкін

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылы дүние жүзі экономикасы 5,2 пайызға құлдырап, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде тап болмаған үлкен дағдарысқа ұшырауы мүмкін, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Әлемдік банк басқармасы хабарлаған. 

60 жылда болмаған құбылыс - әлем экономикасы дағдарысқа ұшырауы мүмкін

Бұған себеп – әлемді жайлаған коронавирус індетінің салдары. Сонымен қатар, халықаралық ішкі тауар айналымы әлсіреп, сыртқы сауда-саттықтың тоқырауы кейбір дамушы мемлекеттердің экономикалық қуатын 7 пайызға құлдыратуы мүмкін деген де болжамдар жасалуда.

"Мұндай жағдай соңғы 60 жылда болмаған құбылыс. Әлем бойынша жан басына тиеселі табыс мөлшері орта есеппен 3,6 пайызға төмендеп, миллиондаған адам кедейшілік зардабын тартуы кәдік. Әсіресе, халықаралық туризм, экспорт саласы сонымен бірге, сыртқы қаржыландыру көздеріне арқа сүйеп дамып отырған елдер экономикасы сөзсіз тығырыққа тіреледі", - дейді Әлемдік банк сарапшылары.

"Осы дағдарыс салдарын ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жара тәрізді деп түсінген дұрыс. Бұндай жара жазылғанымен тыртығы қалады. Сол себепті, халықаралық қауымдастық әлемдік экономиканың жарасын жазу үшін сауықтыру шараларын қабылдау керек. Әсіресе, кедейшілік пен жұмыссыздықты болдырмау үшін барлық мүмкіндікті қарастырған дұрыс", -  дейді Әлемдік банк қаржы институтын жауапты вице-президенті Жейла Пазарбашиоглу.