05 Қазан, 2013

Эквадорда 3 тонна кокаин тәркіленді

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05 10-Ekvador kokainЭквадор мемлекетінде есірткі саудасына қарсы жүргізілген арнайы іс-шара барысында 3 тонна кокаин тәркіленді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жергілікті ішкі істер министрі Хосе Серраноның мәлімдеуі бойынша, бұл есірткі Колумбияның «Лос-Урабеньос» қылмыстық тобымен тығыз байланыста болған адамдардан тәркіленген.

«Біз енді қылмыстық топтардың мұндай әрекетке баруына жол бермейміз», – деп жазды Хосе Серрано өзінің твиттердегі блогына.

Жалпы, жыл басынан бері Эквадорда шамамен 40 тонна есірткі тәркіленген.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар